Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 28 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген Өкім мәтінінде.
Мәжілістің баспасөз қызметі