• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ерлан Қарин Президенттік сайлау бойынша түсіндірме берді

Ерлан Қарин: Конституциялық Соттың түсіндірмесі Президенттің жеті жылдық бір реттік мерзім қағидатын өзгертпейді

turan_admin turan_admin
08.07.2026, 12:07
Қазақстан жаңалықтары
Президент өзі бастаған саяси реформаларды жүзеге асыруға кірісті – Қарин
159
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық Соттың бүгінгі түсіндірмесіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Конституциялық Соттың қабылдаған шешімі таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие және жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған рәсімдік мәселелерге құқықтық түсініктеме береді.

Ерлан Қариннің мәліметінше, 1 шілдеден бастап жаңа Конституциядағы бір реттік өкілеттік мерзімі туралы талап қолданылатын бірқатар мемлекеттік лауазымдарға тағайындаулар жүзеге асырылуы тиіс. Олар:

  • Жоғарғы Соттың Төрағасы;
  • Бас Прокурор;
  • Конституциялық Соттың Төрағасы;
  • Конституциялық Соттың судьялары.

Осыған байланысты «бір реттік өкілеттік мерзімі туралы талап қазіргі қызметтегі лауазымды тұлғаларға қолданыла ма, әлде оларды қайта тағайындауға бола ма?» деген құқықтық мәселе туындаған.

Конституциялық Сот бұл мәселеге нақты түсініктеме беріп, бір реттік өкілеттік мерзімі туралы норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тағайындалатын тұлғаларға ғана қолданылатынын атап өтті.

Сонымен қатар Ерлан Қарин құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бұл норма Қазақстан Президентіне де қатысты екенін айтты.

Сонымен бірге ол Мемлекет басшысының жеті жылдық бір ғана мерзімге сайлануы туралы конституциялық қағида өзгермейтінін ерекше атап өтті.

«Президенттің жеті жылдық бір ғана мерзімге сайлануы туралы ереже мемлекеттің егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны сияқты өзгертілмейтін конституциялық қағидалардың қатарына жатады», – деді Ерлан Қарин.

Оның сөзінше, Конституциялық Соттың түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде қайта тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейді. Ол тек Конституция аясында тиісті лауазымға қайта тағайындалу немесе сайлану мүмкіндігінің құқықтық негізін айқындайды.

Осы құқықтық түсіндірменің негізінде бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын тағайындады.

Ерлан Қариннің айтуынша, бұл шешім еліміздегі жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастыру бағытындағы реформалардың жалғасы болып табылады.

Қазіргі уақытта жаңа саяси институттарды іске қосу бойынша жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Құрылтай сайлауы тағайындалды, саяси партиялар өз съездерін өткізуде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Кеңесі» хатшылығын құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды.

Тегтер: ЕРЛАН ҚАРИНМемлекет басшысыПрезидент сайлауы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.