• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ерлан ҚАРИН: «БАҚ пен жаңа медианы бөліп қарау дұрыс емес»

21.12.2017
0
Ерлан ҚАРИН: «БАҚ пен жаңа медианы бөліп қарау дұрыс емес»
242
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ерлан ҚАРИН: «БАҚ пен жаңа медианы бөліп қарау дұрыс емес»
Астанада қаласында өткен Қазақ сайттары редакторларының форумының басты ұйымдастырушы, идея иесі «QAZAQSTAN” РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Тынымбайұлы Қариннің сөйлеген сөзі:
«Қазақ сайттарының саны да, салмағы да өскенін ескере отырып, Қазақстанның медиакеңістігінің  өзі бір жеке үлкен бағытына, жеке бір  дербес саласына айналғанын ескере отырып, Қазақстан Пресс клуб ұйымының басшылығына да бірлесіп жұмыс жасау жөнінде ұсыныс айтқан болатынбыз. Себебі жиналғанымыз бір бөлек, ертең жиналғаннан кейін  осы салада түрлі мәселелердің шешу жолдарын, басқа да мәселелерді тұрақты түрде  медиакеңістіктің жалпы даму стратегиясын үйлестіре отырып талқылау үшін осы саладағы ұйымдардың да тікелей араласқанын жөн көрдік.
Сондықтан Қазақстан Пресс клуб ұйымына да өз атымнан және әріптестер атынан бүгінгі  жиынды өткізуге көрсетіп жатқан көмектері үшін алғыс айтқым келеді. Шараны қолдаған Қазақстандағы АҚШ елшілігіне алғыс білдіремін» — деді Ерлан Тынымбайұлы.
– Бұл форумның бағдарламасын осы форумға қатысушы бірқатар азаматтармен қазақ контентіне қатысы бар, оның дамуына үлес қосып жүрген әріптестермен ақылдаса отырып құрған болатынбыз. Мүмкіндігінше осы қазақ интернетінің дамуының алдында тұрған мәселелерді қамтуға  тырыстық. Әрине, ол сіздер көрген контент мәселесі,  қаржыландыру, жаңа технологиялар мен жаңа трендтер мәселесі.  Мақсатымыз – кеңірек бір-бірімізді тануға мүмкіндік жасау. Қазақ интернетінің болашақтағы дамуына  үлес қосу. Сайттардың жұмысымен, қазақ блогосферасымен айналысып жүрген азаматтарға әдістемелік  көмек болсын деп, қандай жаңа  технология мен әдістерді қолдану  керектігі  жөнінде пікір алмасу, дискуссия ретінде өтсін деген оймен жасаған болатынбыз.  Кейбіреулеріңізде форумда сұрақ туындауы мүмкін, Ұлттық арнаның қандай  қатысы бар, неліктен ұйымдастырылып жатыр деген. Меніңше, мұнда ешқандайда  жаңалық болмас. Себебі, біріншіден  бұл үшінші сессияның тақырыбы. Менің жеке пікірім бүгінгі уақытта дәстүрлі БАҚ-пен жаңа медианы бөліп қарастыру қиын, олар бір-бірімен ұштасып, тығыз байланысып жатыр. Біз қазір телевизиялық өнімдерді шығарумен айналысып жатырмыз. Дегенмен ол біздің корпорация құрамына енетін телеарналардың, оның ішінде ұлттық арнаның алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі. Сонымен қатар интернет саласында я әлеуметтік желілерде басқа құралдар  арқылы өзіміздің өнімдерді кеңінен дамыту. Сіздерді де түсініп отырмыз, бәрібір алдағы уақытта жаңа құрал, жаңа аудитория мен жаңа өнімнің бәрі де осы салада кеңірек дамиды.  Сондықтан корпорация тарапынан осы бағытта дамытуға  байланысты бірқатар жобалар қолға алынып жатыр. Құдай қаласа, келер жылдың басынан  ұлттық арнаның жаңа қосымшасын сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келеді. Оны мүмкіндігінше шетелдік тәжірибенің, қазіргі аудиторияның сұранысын, талабын ескере отырып, жасауға тырысып отырмыз. Бұл келесі жылы қолға алып отырған бір ғана жоба. Сол секілді бізде мүмкін болса телесериалдарды қосымша дамытатын боламыз. Одан басқа бізде  келер жылдың бірінші жартысында осындай  ауқымды шараны ұйымдастырғымыз келіп отыр. Ол жерде  еліміздегі интернет мәселесімен айналысып жүрген азаматтар мен қатар шетелдіктерді де шақырып, 2-3 күндік семинар өткіземіз деген ойымыз бар. Яғни біздің  мақсатымыз –  осы салаға салмақ түсіріп, саладағы мүмкіндіктерді кеңірек пайдалану, азаматтарға, өнімдерді тұтынушы аудиторияларға мүмкіндігінше жаңа форматтар ұсынбақпыз, — деп мәлімдеді Ерлан Қарин.

TURANINFO.KZ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты