2020 жыл “Еріктілер жылы” деп жарияланғаны барлығымызға белгілі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 6 784 волонтері бар 13 ұйым айналыcады. Олар шаһардағы барлық салаға атсалысады.
Ерікті болып бастап, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің «Сұңқар» волонтерлік қозғалысының басшысы болған Әбдиев Еркіннен сұхбат алған едім.
Еркін, ерікті болуыңызға қандай жағдайлар себеп болды ? Қашаннан бастап ерікті болып келесіз?
-2014 жылы Жамбыл Политехникалық колледжінде Жас Отан жастар қанатының бастауы мен ардагерлердің үйлерінде қандай мұқтаждықтары бар не жетіспейді,қандай көмек керек, сол бағытта зерделеу жұмыстары болған етін. Бірінші рет волонтер болып барып, шыны керек аяғымыз қатып, қардың суы еріп күн суық етін, содан қарттарымыздың үйіне барып әңгімелерін естіп, шын ниеттерімен берген шайын ішіп ішімізге жылу орнап суығымыз бірден басылды. Одан кейін бірнеше жерді араладық. Біз қазақ негізі қонақжай халықпыз ғой, жақсылап күтіп мәселелерін айтып, көмек қолын создық. Содан бойымызда еріктілік деген пайда болды, үлкен кісілердің батасы,күн суық болсын я ыстық болсын адамдармен ойнап күліп жүріп, көмек берген көңіліне жылулық ұялатады. Өзіңе деген мақтанышын артады._Өмір сүруге деген құлшынысында көбірек болады.Ол кісілерден қуат аласын және сол қуат көбірек алсақ деп сол үлкен кісілерді көбірек іздестіріп, әлеуметтік осал топтарға көмектесе бастадық. Содан міне , ерікті болып жүргеніме 6 жылдай болды.
Волонтердің портретін суреттеп бере аласыз ба? Оның бойында қандай құнды қасиеттер болуы керек?
-Волонтер ұғымын былай суреттеп бере аламын, жалпы қоғамда кез-келген қателік болады, әрбір салада да болады. Сол салаға өзімнің үлесімді қосамын, ерікті түрде және тегін әрі халқыма, кез-келген қоршаған ортаға болсын, табиғатқа болсын, Отан анамызға болсын, діни салаларда болсын бір пайдамды тигіземін деген адамды волонтер деп айталамын. Оның бойында еріншектік пен сылтау деген болмау керек, қандай жағдай болса да дайын болу керек. Мысалы, біз Арысқа барғанымызда 2-3 күн сонда қонып қалып жаттық, бізге жағдай болмады, жататын орын, күн ыстық болды, не нәрсеге болса да өзім бір пайдасын тигізіп жатырмын деп сеніп, осы қасиет бойында болу керек.
Бұл кішкентай қызымыз Асма. Тура бір жыл бұрын ол ауырып, оң аяғы ісініп,баса алмады. Ювенильді идеопатиялық артрит, олигоартикулярлы нұсқа деген диагнозы қойылған.»Sunqar» волонтерлық қозғалысының бастауымен @jastar_basqarmasy және жемқорлыққа қарсы іс қимылы департаментінің қолдауымен өткізіліп қайырымдылық волейбол ойынына түскен қаражат @pomoch_asme балақайдың анасы Перизат Лескеновнаның счетанына аударылғани екен!
Осы орайда, Асманың анасы Перизат Лескеновадан еріктілердің көмегі жайлы пікір алдым.
Ғаламтор желісінен «Сұңқар» волонтерлік қозғалысының сіздерге қол ұшын созғандығы жайлы оқыдым, сол еріктілер жөнінде пікір білдіріп, баға беріп өтсеңіз… Ол кісілер сіздермен қалай байланысқа шықты ?
— Қызыма арнап, қайырымдылық ретінде волейбол ойынын екі рет ұйымдастырды . Сомен әйтеуір жастар өздері көмектесейік деп ниет білдіріп, көмектесті. Бізде рақметімізді білдірдік. Ол кісілерге Алла разы болсын! Сол қазір 2 курсымызға барып келдік, жаңа сағат таңғы 6-да ұшып келдік. Сомен сол кісілер жастар команда жинап, екі рет ұйымдастырып берді. Бірінші рет бізге 60мың жинап берді. Одан кейін екінші рет 30 мыңдай жинап берді ғой деймін қателеспесем. Өйткені, көмектескен жандар өте көп болды, Аллаға шүкір. Сол Еркінді өзім көрмеппін. Бірақ, негізі шақырған еді, келе аласыз ба деп. Қыста оған бара алмадық күн суытып қызымда жөндеп жүре алмайды, көтеріп жүру керек болады, арбамен жүру ол оңайға соқпады да,сондықтан бара алмадық. Бірақ, қыздардың өздері келіп,сыйлықтарын алып, әйтеуір қуантып кеткен. Сол екіншісінде де өздері келіп, ол қыздарға қызымда үйреніп қалды. Қыздар қашан келеді деп күтіп жүреді .
Мешітке көмек сұрап барағанымда, сол мешіттегі Жалғас есімді азамат Карина деген волонтер қызға менің номерімді беріпті. Сөйтіп, Карина өзі хабарласып, біз волонтерлармыз деп, қандай көмек бере аламыз деп ниеттерін білдірді. Үйге келіп, қызымды суретке түсіріп, құжаттардың барлығын жинап бердім. Солай қол үшын созып бастады.
Аха бәрі Аллахтың қалауымен сол кісілердің көмегі тиді. Рақмет, ол кісілерге!
Алла шипасын берсін сіздерге. Тезірек сауығып кетіңіздер!
«Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа
— Тараз қаласының еріктілеріне қандай жағдайлар жасалынып жатыр? Қандай игі істер жасалынды?
Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 6 784 волонтері бар 13 ұйым айналыcады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан
11 волонтерлық топтар құрылған. Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту және волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіретін «Asyl mura» фронт офисі ашылып, жастар игілігі үшін қызмет көрсетуде.
Волонтер жылы аясында 7,3 млн. теңгеге 21 волонтер-жасқа 300 мың теңгеден грант бөлінді.
«COVID-19» пандемиясына қарсы карантин жарияланған күннен бастап волонтерлар күнделікті халыққа көмек көрсету бойынша «Біргеміз» акциясы аясында жұмыстар атқарды.Төтенше жағдай кезінде «Әулиеата жастары» волонтерлық штабы құрылып, онда өз еркімен 717 ерікті қызмет атқарды. Волонтерлардың көмегімен 9 352 адамға азық-түлік қораптары үлестірілсе, 2 023 адамға дәрі-дәрмек жеткізіліп берілді.1 743 жалғыз ілікті қариялардың тұрғын үйлеріне барып шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті.«Қазпошта» АҚ облыстық филиалымен бірлесіп 65 жастан асқан азаматтарға зейнетақысын үйге жеткізіп беру қызметін ұйымдастырып, барлығы 2 мыңнан астам адамға зейнетақы мен жәрдемақы үйлеріне жеткізіліп берілді.Тұрғындарға 100 мыңнан астам тегін маска таратылды. Жыл басынан бері жалпы 649 шара өткізіліп, оған 27 мыңнан астам жас қатысты.
«Зейін», «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобалары аясында аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың жоғары сыныпта оқитын 1 мыңға жуық оқушылары ҰБТ-ға дайындық курстарына тегін қамтылды, 12 мың отбасыға 41 мың тонна киім-кешек, тұрмыстық заттар үлестірілді. Пандемия кезінде жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 9 352 адамға азық-түлік қораптары үлестірілді.
“Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастаннан пікірі:
Еріктілер жылында біз еріктілердің нағыз күш екенін, нағыз қозғалыс екенін көре алдық. Оған бір себеп бар,ол әрине пандемия жағдайы, елдегі орын алған жағдайға байланысты дәрі-дәрмектерді, ауа қондырғыларын тасып, бір-бірлеріне көмек беру… Дәрілердің бағасына бақылау жасау бұның барлығы еріктілердің жұмысы көрінді.Бірақ мемлекеттің қаржысына ұйымдастыратын ұйымдарымыз қайда деген сұрақ бар. Соның басын біріктіретін мемлекеттік орындар қайда деген сұрақ туындайды. Олар әрине өздеріне берілген, жұмыс жасай алатын аудиториясы бар, сол 2-3 волонтермен ғана жұмыс істейді, ал басқа волонтерлармен кім жұмыс жасайды? Осы мәселені көтеріп ,түбіне жетіп білу деген бұл бізде ақсап тұрған мәселе деп білемін деп сөзін аяқтады.
Серікбай Таңшолпан Қанатқызы