Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы құрылған комиссия оқиға орнына шықты.
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында – ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, Жұмыс беруші «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері бар.
Қазіргі таңда Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр.