• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев Сарысудағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіп өнімдерін өндіру зауытының жұмысымен танысты.

turan_admin turan_admin
13.11.2023, 09:31
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев Сарысудағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті
114
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы «ЕВРОХИМ» минералды-химиялық кешенінде болып, Қаратау фосфорит бассейнінің кен орындарын игеру және күрделі минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың құрылыс-жобасын көрді.

Жоба жылына 660 мың тонна фосфор кенін өңдеу, 640 мың тонна фосфар ұны, 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштарды өндіруге қауқарлы болмақ.

«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бойынша 253 адам және «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-де 248 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда жобаның  бірінші кезеңі аяқталған десек, фосфорит кенін өндіруге және алғашқы өңдеуге арналған жобалық қуаттылыққа қол жеткізілді. Ендігі кезекте екінші кезеңі бойынша жоспарлау жобалау жұмыстары жүруде. Жер жұмыстарының нөльдік циклі басталған.

Бұдан соң  облыс әкімі «ЖАҢАТАС ЖЕЛ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯСЫ» ЖШС-нің қызметіне қанықты.

Түркістан ауылдық округінде орналасқан кәсіпорын 2021 жылы іске қосылған. Орнатылған 40 жел трубинасының жалпы қуаттылығы 100 МВт электр энергиясын құрайды. Толықтай автоматтандырылған кәсіпорында 30 адам жұмыспен қамтылған десек, олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар.

Бүгінгі таңда жобаның екінші кезеңі — “Шоқпар” ЖЭС бойынша 22 жел трубинасы орнатылып, іске қосу шаралары орындалуда. Нәтижесінде жалпы қуаттылық 200 МВт-қа дейін артпақ.

Аймақ басшысы алдағы уақытта қуаттылықты арттыру бойынша тағы да жобаларды қолға алу маңыздылығын, ол бойынша жергілікті билік тиісті қолдауларды көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

Келесі кезекте Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ербол Қарашөкеев Жаңаарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге облыстық салалық басқарма және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Ауылдық округ әкімі Қуандық Алдарбегенов есеп беріп, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Облыс әкімі жергілікті жерлерде шағын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды тұрақты табыспен қамту шараларын үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл әкімдердің жұмыс көрсеткішіне  қойылатын негізгі талап болатынын баса айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ауылдықтардың түрлі сауалдарына облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауаптар берді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: еврохимЕрбол ҚарашөкеевсарысуХалықпен кездесулер
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.