• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.09.2026, 17:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев күрес түрлерінен облыстық құраманың спортшыларын марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем, сондай-ақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңісімен құттықтады.

turan_admin turan_admin
22.02.2024, 18:16
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев күрес түрлерінен облыстық құраманың спортшыларын марапаттады
81
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тирана қаласында (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде жамбылдық палуан Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, елімізге әлем чемпионатының ең алғашқы алтынын алып келді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1-5 ақпан аралығында Астана қаласында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты өткен болатын. Аталған бәсекеде Жамбыл облысының спортшылары жалпы командалық есепте өзгелерден озық шықты. Облыс құрама командасы грек-рим күресінен — 1 алтын, 1 күміс,  1 қола медаль, еркін күрестен — 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді. Айта кетейік, Жамбыл облысы өткен жылы күрес түрлері бойынша Қазақстанның VI Жазғы Спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленген болатын.

Ел чемпионатының жеңімпаздары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынасатын болады. Сәуір айында Бішкек қаласында өтетін іріктеу турнирінде күрес түрінен лицензиялар сарапқа салынады.

Облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңісімен құттықтап, оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.

Мұнан соң, спортшыларға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша күрес федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев пен спорт ардагері Ақан Бекназаров аталған спорт түрлерін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Аймақ басшысы бірқатар мәселелер бойынша спорт басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді.

Тегтер: күресмарапаттауоблыс әкіміспортшылар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.