• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.09.2026, 14:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев: Инвесторларды тартып, кәсіпорындар ашуға күш салу қажет

Өткен жылдың қорытындысымен Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 102,4 пайызды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте айтылды.

turan_admin turan_admin
30.01.2024, 15:52
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев: Инвесторларды тартып, кәсіпорындар ашуға күш салу қажет
208
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева өткен жылдың қорытындысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, өңірімізде ауыл шаруашылығынан өзге салаларда оң динамика қалыптасқан. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өсім 100,1 пайызды, құрылыс – 118,7, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 4,7 инвестиция – 17,3 пайызды құраған. Сондай-ақ,  өнеркәсіп саласында 847,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Алайда, бірқатар аудандарда кейбір жоспарлы көрсеткіштердің тиісті деңгейде орындалмағаны анықталған.

Аймақ басшысы көрсеткіші төмен бірқатар басшылардан жауаптар алып, жұмысты ширатуды тапсырды.

Мұнан соң, қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек бюджет қаражатының игерілу барысын хабарлады.

Ол 2023 жылға арналған облыс бюджетінің кірістері жыл қорытындысымен 647,6 млрд. теңгеге (103,3%) және меншікті кірістер жоспары 115,7 пайызға орындалғанын жеткізді. Бірақ, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында кірістер былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір кеміген.

Облыс әкімі жауаптылардан тиісті жұмыстардың уақтылы атқарылмау себебін сұрап, бюджет қаражатын игеру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында Меркі және Қордай аудандары әкімдерінің есебі тыңдалды.

Ал, облыстың агросаласындағы жұмыстар жөнінде баяндаған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, 2023 жылы облысымызда агросаланы дамытуға 77,5 млрд.теңге бөлініп, 11 мыңнан астам шаруаға қолдау көрсетілген.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен 567,2 млрд.теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 97, пайызға айналған.

Басқарма басшысы биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 770 мың гектарға орналастыру жоспарланып отырғандығын айтты.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар жайттарға назар аударып, аталған басқарма басшысынан өткен жылмен салыстырғанда өңірімізде қызылша алқабының азаю және жұмыртқа өндірісінің төмендеуін себебін сұрады.

Аймақ басшысы аймақта өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін арттыру қажеттігін баса айтып, жауаптылар инвестиция тартуға мүдделілік таныту керектігін ескертті.

—        Әрбір кәсіпорын халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс деңгейін көтеруге ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан ел игілігі үшін билік пен бизнестің тығыз жұмыс істеуі маңызды. Негізгі міндет – халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу. Жаңа инвестициялық жобаларды қолдап, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру керек. Бұл жұмысты әлі нақты түсінбейтіндер бар.

Қолда бар бюджет қаражатын тиімді игере алмай отырған басшылар да жоқ емес. Бірқатар басқармалар мен аудандарда экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер толық орындалмаған, — деген Ербол Қарашөкеев Меркі және Қордай аудандарының әкімдері мен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялады.

Басқосу соңында аймақ басшысы мемлекеттік сатып алудағы бірқатар жайттарды айрықша атап өтіп, «бір көзден» сатып алу тәсіліне жол берілмеу керектігін еске салды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 09:00

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.