• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ералы Тоғжанов Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды

turan_admin turan_admin
22.01.2021, 12:13
Облыс жаңалықтары
Ералы Тоғжанов Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
412
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысының Қордай ауданына барды, — деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер Гвардейский ауылындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Зауыт әлеуметтік маңызы бар жұқпалы ауруларға қарсы елге қажетті биопрепараттар шығатын болады. Олардың қатарында COVID-19, пандемиялық тұмау, маусымдық тұмауға қарсы сплит-вакциналар, туберкулез, бруцеллез, нодулярлық дерматит, күйіс қайыратын ұсақ жануарлардың обасы, қой мен ешкінің контагиозды эктимасы, қой шешегі, құтыруға қарсы вакциналар және басқа да препараттар бар.

Ералы Тоғжанов құрылыстың технологиялық үдерісі мен өндіріс жағдайларының одан әрі GMP стандарттарына сәйкестігін ескере отырып, жүргізілуіне назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер мердігер компаниялардың ғылыми-зерттеу институты, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерінің басшылығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.

Құрылыс алаңының аумағында вице-премьер жобамен, зауыт туралы негізгі өндірістік және технологиялық мәліметтермен танысты, өндірістік процестің макеті мен схемасын қарап шықты. Монтаждау жұмыстарын аяқтау және іске қосу наурыз айына жоспарланып отыр. Қосалқы ғимараттар мен құрылыстардың, нақтырақ айтсақ қазандық, трансформатор және сорғы станцияларының, хлорлау, энергетикалық нысандардың құрылысы аяқталған.

Бұдан соң делегация 1958 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтына барды. Онда 214 адам еңбек етеді. Ғылыми мекеменің басшысы, биология ғылымдарының докторы Күнсұлу Закария институттың қызметі мен жетістіктері, сондай-ақ COVID-19 вакцинасын әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы баяндады.

Сондай-ақ, Вице-премьер ҒЗИ қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі көп қабатты үйдің құрылысымен танысты. Бүгінде әрлеу жұмыстары, қасбеті пен шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үшінші жайлылық класындағы пәтерлердің жалпы ауданы 3,6 мың шаршы метрді құрайды. 

Жақын маңда тағы екі тұрғын үй мен дене шынықтыру-сауықтыру ғимаратының құрылысы жоспарлануда десек, спорттық нысанның екінші қабатында 150 орындық акт залы орналаспақ.

Сонымен қатар үкіметтік делегация Қордай ауданы Отар ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені мен жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясында болды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.