• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

turan_admin turan_admin
14.05.2021, 11:06
Облыс жаңалықтары
ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
864
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті басқосуда аймақтағы эпизоотиялық жағдай талқыланды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың хабарлауынша, өңірлерде мал аурулары бойынша ахуал тұрақты. Жоспар бойынша барлық аудандарда эпизоотияға қарсы шаралар жүргізілуде.

— Бруцеллезбен күрес жүйелі түрде жүргізілуде. Егер инфекция зертханалық түрде расталатын болса, онда ол аумаққа шұғыл тексеру жүргізіліп, эпизоотиялық ошақтың шекаралары айқындалады. Осылайша, аурудың таралуына жол берілмейді. Ауру жануарлар санитарлық союға жіберіледі, — дейді спикер.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өңірлік инспекциясының басшысы Жандар Көекеев облыс бойынша 234391 бас ірі қара және 1154816 бас ұсақ мал тексерілгенін айтты. Ағымдағы жылдың төрт айында 11 жамбылдық тұрғын бруцеллез жұқтырса, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес адамға аз.

Облыс әкімі мал өсірушілерге уақытылы ветеринариялық көмек көрсетуді, мал ауруларының алдын алу және диагностикалау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді талап етті. Ербол Жиенқұлов тағы бір мәселеге тоқталып өтті. Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қағидалары қабылданған болатын. Тараз қаласында үш бригада және 10 аудандық бригада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаумен айналысады.

 — Әлеуметтік желілерде тұрғындар қаңғыбас жануарларды ұстау мәселесі шешілмей отырғанына жиі шағымдануда. Неге ол бойынша тиісті ведомство шара қолданбай отыр? — деп сұрады облыс әкімі.

Ербол Жиенқұлов қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға арналған үй-жай салуға қаржы қарастырылмағандықтан бірқатар қиындықтар туындап отырғанын тілге тиек етті. Ол бұл орайда осы мәселеге бей-жай қарай алмайтын тұрғындардың көмегі керектігін алға тартты.

Салалық басқарма басшысы басқа да мәселелерге, нақтырақ айтқанда материалдық-техникалық базаның әлсіздігін, құрал-жабдықтардың ескіргенін, ауылдық округтердің барлығы бірдей ветеринариялық пункттермен қамтылмағанына назар аудартты. Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен бұл мәселелерді шешуді талап етті. Аймақ басшысы сондай-ақ, кейбір ауылдарда мал сою алаңдарының жағдайы нашар екенін атап өтті.

— Маған «кемшіліктерді жоямыз» деген сырғытпа жауап қажет емес. Талқыланған барлық мәселелер міндетті түрде шешімін табуы тиіс. Ветеринарлық қызмет – жергілікті атқарушы органдар жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі екенін естен шығармаңыздар. Оның адамдардың денсаулығы, ауылдардың экономикалық әл – ауқатына әсерін ескеру маңызды, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.