• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЕНДІГІ ТУРНИР ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТПЕК

turan_admin turan_admin
30.08.2018, 23:55
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ЕНДІГІ ТУРНИР ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТПЕК
272
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін «Тараз — Арена» спорт кешенінде Жамбыл облыс әкімінің кубогы үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1,5 млн. теңге болатын турнирді облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Астана қаласынан «ХАБАР» телеарнасы, Алматы қаласынан «АПОРТ», Алматы облысынан «ТҰРАН», Қызылорда облысынан «АҚМЕШІТ», Түркістан облысының құрамасы, Шымкент қаласының құрамасы, «ЕРНИЯЗ МЕДИА», облыстың атынан турнирге «JAMBYL» телеарнасы, «Тараз Пресс», «Әулиеата» және «Блогерлер» командалары қатысты.
Турнирдің беташар ойының «JAMBYL» телеарнасы мен «Блогерлер» командасы ашып, 2-1 есебімен әлеуметтік желі белсенділері жеңіске жетті. Жеңіске жеткен команданың қатарынан Бақтияр Бекназаров қақпаның тоғыздығына допты тоғытса, екінші таймда Файзулла Сағымбаев Арман Жаналиевтің керемет пасынан кейін командасын жеңіске жетеледі.

Үш топтан 8 команда ширек финалға шығып, қызықты ойындар басталды. Әсіресе, «Ернияз — медиа» мен «Тұран» командалары арасындағы кездесуде жеңімпаз 11 метрлік айыпдоптардан белгілі болды.
Жартылай финалдың бірінші ойынында «Ақмешіт» мен «Апорт» командалары негізгі уақытта тең түсіп, алматылық команда «лотереяда» жолдары болды.

Екінші жартылай финалда «Тараз Пресс» пен шымкенттік «Ернияз медиа» арасындағы ойын шытырманды кинофильм секілді өтті. Бірінші таймда шымкенттіктер алға шығып, ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда 3 гол соғылды. Тараздықтардың қатарында дубль авторы болып Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұржан Туғанбай көзге түсті. Бірінші голы баспен, екінші голды Ермұхамед Мәуленнің туған ағасы Нұрмұхамедке қарсы 11 — метрлік айыпдоптан соқты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағаннан кейін 11 метрлік айыпдоптан Берік Құрманғали, Нұржан Туғанбай, Нұрмұхамед Мәулен тура гол соғып, командасын финалға шығарды.



Үшінші орын үшін ойында қызылордалық команда мен шымкенттік команда арасында өтті. Ойынның басында екі тез гол соғып алған қызылордалық команда, кездесудің аяқ жағына қарай 2-3 есебімен жеңіліп келе жатып, есепті теңестірді. Тағыда 11 метрліктер тағайындалып, шымкенттік команданың жолы болды. Сөйтіп, көршілер 200 мың теңгелік соммаға ие болды.

Финалда тараздықтар бар күш — жігерлерін салғанына қарамастан, алматылықтарға 3-0 есебімен ойсыра жеңіліп қалды. Жеңімпаздар қатарынан бірінші голды белгілі тележүргізуші Ермек Төрениязов салды.

Турнирдің қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» «Хабар» телеарнасының белгілі журналисі Нұрсұлтан Құрман, «Үздік қақпашы» — Ілияс Сайлаубайұлы («Тұран» командасы), «Үздік қорғаушы» — Еркеғали Балажан («Түркістан» командасы), «Үздік шабуылшы» — Әділбек Жақанов («Ақмешіт» командасы) атанып, 25 мың теңгелік сыйақы алды. Ал, тараздықтарға 400 мың теңге, жеңімпаздарға 700 мың теңге берілді.

Ендігі кезекте осындай турнирдің эстафетасы қызылордалықтарға берілді. Эстафетаны Қызылорда облысы «Нұр Отан» партиясының орынбасары Ержан Байтілес қабылдап алды.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Берік УәлиблогерлерЕржан БайтілесЕрмек ТөрениязовЕрниязЖандос АйтбаевмедиаНұржан ТуғанбайНұрсұлтан ҚұрманТүркістанТұранхабар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.