• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Жас діни көшбасшылардың форумы басталды

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум делегаттарына жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

09.10.2024
0
Тоқаев «ТМД +» форматын құру туралы мәселені қарастыруды ұсынды
51
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Баршаңызды бірінші жас діни лидерлер форумының ашылуымен құттықтаймын. Мен осыдан екі жыл бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде оның жұмысын жандандыратын жаңа тәсілдер ойластыруды ұсынған едім. Форум делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Қазір осы бағытта бірқатар игі бастама табысты жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі — жас діни лидерлер форумы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өркениеттер үндестігін орнықтырып, бейбітшілік пен келісімді дәріптейтін бірегей диалог алаңы саналады», — делінген құттықтау хатта.

Президент діндер арасындағы диалогқа жас буын өкілдерін жұмылдыру уақыт талабы екенін айтады.

«Себебі өскелең ұрпақ қашан да жасампаздық пен жаңашылдықтың жаршысы. Түрлі елде тұратын жастардың дін саласындағы ынтымақтастығы адамзаттың рухани болашағын айқындауға тікелей әсер етеді. Қазір әлемде геосаяси қайшылықтардың салдарынан түрлі сын-қатерлер пайда болды. Осы алмағайып кезеңде халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды. Бұл ретте дін көшбасшылары айрықша рөл атқарады. Ал оған жастардың белсене қатысуы жұмысқа тың серпін берері сөзсіз. Қазақтың ұлы ойшылы Абай «толық адам» туралы айтып кеткен болатын. Бұл тұжырым ағылшын тіліндегі «a person of integrity», яғни, парасат-пайымы мен білімі толысқан, бойына рухани құндылықтарды сіңірген адал азамат деген ұғыммен үндес. Сондықтан жастарды толық адам болуға ұмтылып, әлемнің дамуына үлес қосуға шақырамын. Форум жұмысына сәттілік тілеймін. Ізгілік жолындағы істеріңіз табысты болсын», — деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Тегтер: FORUMЖас діни көшбасшылар

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты