• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Елімізде автобус жүргізушісі мамандығын оқитындар 20 есеге азайған 

Қазақстанда автобус жүргізушісі мамандығы бойынша білім алушылардың саны 20 есеге азайған.

04.03.2024
0
Елімізде автобус жүргізушісі мамандығын оқитындар 20 есеге азайған 
623
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Алматы облысының тұрғындары Көлік министрлігіне Қаскелең тас жолын кеңейту бойынша өтініш білдірді

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Облыс тұрғындары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және реконструкциялау, жолдарды күтіп-ұстау және КАЖ-Сервис қызметі бойынша сауалдарын жолдады. Сондай-ақ Алматы маңындағы елді мекенде халық санының өсуіне байланысты тұрғындар «Алматы-Бішкек» тас жолының учаскесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең қаласына дейін кеңейтуді сұрады.

Кездесуге Алматы облысының кәсіпкерлері де қатысты. Жолаушылар тасымалымен айналысатын өңірлік кәсіпорындардың өкілдері саланы дамыту проблемаларын көтеріп, облыстық автобус парктері үшін техниканы жаңарту бағдарламаларына жеңілдетілген шараларды қарастыру, автобус жүргізушілері үшін қажетті жұмыс өтілін азайтуды және D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас көрсеткішін төмендетуді сұрады.

Марат Қарабаев өткен жылы бұл мәселелер бірқатар өңірде көтерілгенін айта келе, аталған сұрақ бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шешім қабылдау жоспарланғаны туралы айтып берді. Алайда, Мәжіліс депутаттары министрліктің бұл бастамасын қолдамай, ендігі кезекте мәселе қайта қолға алынып жатыр.

«Біз бірінші жартыжылдықта Мәжіліс бұл өзгертулерге қолдау көрсетіп, тамыз айына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Атап айтқанда, жас көрсеткіші 23 жасқа дейін азайып, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейін төмендейді. Әлбетте, мұнымен мәселе толықтай шешілмейді, дегенмен алғышарттары бар. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған. Бұл өте аз. Аталған көрсеткіштерді көрсеткен кезде халық қалаулылары да түсіністік танытып, қолдау көрсетті», — деп жауап берді министр.

Жүк автотасымалдау саласының өкілдері жүк автомобильдерінің артық салмағын бақылауды күшейтуді және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін шетелдік рұқсат бланкілерін беру жүйесіндегі әділетсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды.

Сөз кезегінде министр ведомство тарапынан жақын арада шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз қайта сатуға тосқауыл қойылатыны туралы айтты.

«Аталған механизмнің айналасында көлеңкелі бизнеске жол берілді. Бланкілерді сату комитет қызметкерлері тарапынан емес, бір көлік компаниясының екіншісіне сатуы арқылы жүзеге асады. Алматыда екі рет ашық талқылау өткіздік. Әдетте жылдың басында барлық бланкінің 50 пайызын алатын адамдар тағы алғылары келеді. Әлбетте, бұл дұрыс емес. Сондықтан біз әдістемені өзгерткіміз келеді», — деді көлік ведомствосының басшысы.

Оның айтуынша, бірінші кезекте министрлік басымдық принципін жояды, осылайша бланкілерді тек нақты жүгі бар кез келген адам ала алады. Оған қоса, бланкілерді қайта сатуды болдырмау үшін рұқсат қағаздары жеке атаулармен берілмек.

 «Ұзақ уақыт бойы көлеңкелі нарықта жүрген адамдардың қолға алынған бұл шаралармен келіспейтіндіктері түсінікті, әрине. Алайда бастаған жұмысты соңына дейін жеткізуге ниеттіміз. Себебі қай істе болсын тәртіп болуы керек. Бланкілерге шағын, орта және ірі компаниялар тең, яғни барлығы бірдей қол жеткізе алуы керек», — деп атап өтті М.Қарабаев.

Азаматтарды қабылдағаннан кейін министр Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы жұмысымен танысып, «Алматы – Ұзынағаш» жол учаскесіне барды. Бұдан әрі Көлік министрлігінің басшысы Шамалған станциясын айналып өтетін автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстарының барысын бағамдап қайтты.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Автобускөлік министрлігімамандық

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты