Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалына дейін жетті. Ширек финалға шығар жолда америкалық Мэдисон Кизге жол берді. Жеңіске жеткен қарсыласы кейінгі ойындарда да сәтті өнер көрсетіп, жарыс чемпионы атанды. Ал қазақстандық теннисшінің 1/8 финалға дейін жетуі, екі саты жоғарылауына мүмкіндік берді.
Рейтингтің алғашқы үштігі өзгерген жоқ. Бірінші орында Арина Соболенко (Беларусь) — 8956 ұпай, екінші орында — Ига Швентек (Польша) — 8770 ұпай, үшінші орында — Коко Гауфф (АҚШ) — 6538.
Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева болса 3 саты жоғарылап, үздік 20 теннисшінің қатарына қосылды. Бұл оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.