• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Елде болсын» дейтін елжандылық керек

turan_admin turan_admin
31.01.2022, 18:02
Қоғам, Облыс жаңалықтары
«Елде болсын» дейтін елжандылық керек
427
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қарапайым халықтың ниеті – «Елде болса, ерінге тиеді» деген ақ тілеу. Осындай пейіл отаншыл, мемлекетшіл тұлғалардың әрқайсысында болуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында көршілес өзбек елімен салыстыра отырып, елжандылықтың үлгісіне жарқын мысал келтірді. Біз осының астарында мемлекетшіл тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие және білім беру жүйесіне өзгеріс керек деген тұжырым тұрғанына назар аударуымыз керек. Ол үшін білім берудің әр сатысында тәрбие ісіне көбірек көңіл бөлуіміз қажет. 

Жас жеткіншектер енжар, немқұрайлы болмасын десек, алдыңғы толқын өнеге көрсете білуге тиіспіз. Жастардың білім алуына, ғылымға ден қоюуына, өнер үйреніп, спортпен шұғылдануына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қомқорлықтың барын айқын көрсете алсақ қана – елім дейтін елжанды ұрпақ өсетінін естен шығармайық. Біздің ғылым-білімге құштар, саналы, ерік-жігері мол, белсенді жастарымыз көп. Негізгі міндет – сол  күш-қайратын дұрыс бағытқа бағыттай білу.

Осы мақсатта біз университетімізде жас зерттеушілердің ғылыми жобаларына қолдау көрсетіп отырамыз. Мәселен, ғылымды, инновацияларды дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, жас таланттарды қолдау және үздік жобаларды іріктеу мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалғаны белгілі. Былтыр аталған грант ғылым, ақпараттық технология, мәдениет, медиа және бизнес бағыттары бойынша тапсырылса, үздік деп танылған 30 жастың әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілген болатын. 

3 миллион теңгенің грантына ие болған жас зерттеушілердің қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті Жасұлан Дүйсен де бар. Оның «Vulpis Plastic» атты тұрмысқа, автокөлік индустриясына, жиһаз өнеркәсібіне қажетті пластикалық өнімдерді термовакуумдық қалыптау арқылы өндіруге бағытталған жобасы үздік деп танылып, Президенттің сыйақысына ие болды. Енді ол бұл қаржыны өз жобасын жүзеге асыруға жұмсайды. 

Жамбыл облысы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған өңір екені белгілі. Университет ғалымдары осы салаларды дамытуға да өзіндік үлестерін қосуда. Оқу ордасының жас ғалымы, докторант Дәулет Егембердиев топырағы тозған егістік алқаптары мен соры  шыққан жерлерді (тұзды) қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тапқан. Бұл тыңайтқыш бүгінде жамбылдық және көрші өңірлердің шаруаларының егін шаруашылығында мол өнім алуына септігін тигізіп отыр. Ғалымның бұл жобасы NURINTECH инновациялық жобалар жарысында, Финляндияда өткен бәсекеде 1-орынға лайық деп танылған. Аталмыш тыңайтқышты сұйық және құрғақ күйінде қолдануға болады. Ауылшаруашылығына тың серпіліс әкелетін бұл жаңалық Талас және Сарыағаш аудандарында тұзды жерлерде сыналып, өз нәтижесін беріп отыр.

Жамбылдық жас ғалымның биотыңайтқышын қолданған шаруалар өніммен қоса жердің құнарлығы да артқанын айтып жүр. Ғалымның ойлап тапқан тыңайтқышы Польша мен Ресейге де жөнелтіліп, мамандар тарапынан оң бағасын алып отыр.

 

Талғат Ешенқұлов,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры. 

Тегтер: ректорТалғат Ешенқұлов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.