• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ел үшін туған ер!

turan_admin turan_admin
08.10.2020, 15:10
Облыс жаңалықтары
Ел үшін туған ер!

SAMSUNG CAMERA PICTURES

422
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сарысудың сары топырағын сартылдата кешіп, сары самалына кеудесін тосып, кекілін желге қайырған қара домалақ баласы – бүгінгі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, білдей полковник шеніндегі Мақсат Амантайұлы Қосыбаев белгілі сазгер Ілия ақановтың «Жайлаукөл кештері» әнінің тууына түрткі болған қарапайым ауылда туып өскендігін бірі білсе, бірі білмес сірә.
Мақсат Амантайұлының өмір жолына көз салсақ 1968 жылы 6 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлаукөл ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі Амантай ферма бригадирі болса, анасы Нәзкен көпбалалы батыр ана ретінде ертеректе зейнетке шықса керек. Өзі туып, өскен уылдағы орта мектепті жақсыға тәмамдаған бала Мақсат Ресейдің Тверь облысы, Торопецк қаласындағы техникумда білім алып, одан әрі Отан алдындағы борышын Кеңес әскерінің орталық тобында өтейді. Одан әрі ол ҚР
ІІМ Алматы өрт техникалық училищесін бітіріп, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында орналасқан №141 Мамандандырылған әскери өрт сөндіру бөлімінде инспектор, кейіннен қарауыл бастығы лауазымдарында қызмет атқарған. Ол аудан көлеміндегі түрлі сипаттағы өрт оқиғаларына әрдайым белсене қатысқан.
Мысал ретінде айта кетсек Мақсат Амантайұлы қызмет атқарған жылдары Жаңатас қаласында 3 мөлтек ауданында тұрмыстық газ баллоны жарылып, жарылыс салдарынан өрт шығып, бес қабатты үйдің бірнеше пәтеріндегі тұрғындардың өміріне қауіп төнгенде Мақсат бастаған от жауынгерлері әлгі оқиға орнынан табылып, шатырдан төменге еріп ағып жатқан ыстық смоланың бастары мен иықтарына құйылғанына қарамастан бір-біріне су шаша жүріп, өздерінің үстіндегі өртті сөндіріп, одан әрі үй ішіне кіріп, сондай-ақ
тамшылаған ыстық смола астынан шатырға шығып, өртті сөндіріп, отызға жуық адамды қауіпсіз орынға көшіріп, 5 адамды құтқарған. Ол бұдан өзге де дала өрттері мен түрлі сипаттағы табиғи апаттар кезінде халықтың ортасынан табылып, әрдайым көмек қолын созуға ықыласпен кірісетін.
Мақсат Амантайұлы 2008 жылы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтайды. Жалпы Мақсат Амантайұлы қызметін сонау төменгі баспалдақтан, яғни өрт сөндірушіден бастаған. Қағілез әрі еңбекқор бала үнемі жаңашылдықтың
жаршысы ретінде қатарластарынан оқ бойы оза шауып, атқарған еңбегіне орай қызметте де үнемі жоғарылау үстінде болады. Осы орайда сала ардагерлерінің бірінің аузынан естіген Мақсат Амантайұлы туралы айтылған мына бір мысал әңгімені келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. Әлгі қызмет ардагерінің
айтуынша Мақсат қызметке алғаш қадам басқанда орта бойлы, томаға тұйық, спортқа біртабан жақын, арықша келген қараторы бала болған екен. Көбіне елден оңаша қалған сәттерінде қиялға берілуді жаны сүйетін Мақсат сырттан қараған адамға үнемі ізденіс үстінде жүретіндей әсер қалдыратын. Сәйкесінше
басшылық тапсырған істерді де жоғары деңгейде атқаратын тындырымды болса керек. Бір күні Өрт сөндіру бөлімінің аумағына сенбілік ұйымдастырылып, тазалық, түзету жұмыстары жүргізіліп жатса керек. Өзге қызметкерлер өздеріне тиісті жұмыстарын атқарып болған соң үйлеріне асығып, көзден ғайып болады. Ал бұл уақытта бөлімнің цемент қоршауын әктеп болған Мақсат жәй ғана қарапайым күйде көзге оғаштау көрініп тұрған ақ цемент қабырғаны қалай безендірсем екен деген ойға кетеді. Қиялдан барып ой туар демекші өзге ұжымдастары жұмыстан қайтып кетсе де аспай-саспай қолына көк және қызыл түсті сыр құйылған шелектерді көтеріп, ерінбестен ақ қабырғаға өрт сөндіру қолданбалы спортының суретін бейнелей бастайды. Осылайша Мақсаттың көз байланар шаққа дейін әлгі жұмыстармен айналысқанына куә болған сол кездегі жігіт ағалары, қазіргі таңдағы ардагерлер «әй, осы бала түбі бастық болады- ау?!» деп топшыласа керек. Айтса айтқандай 30 жылдан астам уақыт өткенде сол кездегі бала Мақсат Жамбыл облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы лауазымында қызмет атқарып, полковник шеніне жетті емес пе?! Орайы келгенде айта кеткенді жөн көріп отырмын, мына бір жайт та көптің есінде. 2012 жылдың көктемгі жаймашуақ күндерінің бірі болса керек. Мақсат Амантайұлы ол кезде облыстық өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарып жүреді.

Столда қатталып жиналған құжаттардың біріне қол қойып отырғаны сол еді кабинеттегі ішкі жұмыс телефоны шыр ете түседі. Ар жағынан сол кездегі мекеме бастығы Талғат Нұрғалиұлы Сабировтың «Мақсат Амантайұлы, маған кіріңіз» деген даусы саңқ ете түседі. Жедел жеткенде байқағаны Талғат Нұрғалиұлы қолына «Пожарный
и спасатель» журналының кезекті санына шұқшиып отырса керек. Көзілдірігінің үстінен қараған ол «Мақсат Амантаевич, мына журналда өзге облыстарда заманауи өрт сөндіру құрал-жабдықтарын ойлап-тауып, оны өздері жасап шығарып, жаңашыл бастамалар көтеріліп жатыр екен. Мысалға мына бір жан-жағы тесік түтікшені өрт жеңіне жалғап, өртенген шатырдың қуысына кіргізіп су беріп, шатыр қуысындағы өртті сөндіруге болады екен. Сонда от жауынгерлері шатырды бұзумен уақыттарын өткізбей, өрттің одан әрі өршуіне жол бермейді екен. Бізге де осындай жаңашылдық керек-ақ» деген тапсырмасынан кейін шұғыл түрде төменге түсіп №1 МӨСБ-де аға техник болып қызмет атқаратын Қанат Жаныспаевқа барып екеуі көп ұзамай дәл сондай темір түтікшені жасап, оны одан әрі жетілдіре түседі. Мысалы өзге облыс жасаған темір түтіктің тесіктері тек бір бағытқа су беретін болса, бұлар жасаған түтіктің тесіктері суды жан-жаққа шашыратып, өртті жедел сөндіретіндей етіп тесіледі. Сондай-ақ бұлардың жасаған түтікшесінің ұшына
үшкір темірді дәнекерлейді. Сонда өрт кезінде от жауынгері шатырдың қуысын іздеп уақыт оздырмайды. Шатырды қолындағы ұшы үшкірленген темір түтікшемен ұрып тесіп, су беруге мүмкіндігі болады. Сондай-ақ от жауынгерінің қолына ұстағанға ыңғайлы болуы үшін қосымша екі сап орнатылады. Ал Мақсат Амантайұлының қатысуымен жетілдірілген әлгі құралды әлі күнге дейін от жауынгерлері пайдаланып келеді. Сондай-ақ Мекеме қызметкерлерімен Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында «Жемқорлыққа жол жоқ» эстафеталық бейнеролигі ұйымдастырылады. Осы сәтте аталған түсірілімнің басы-қасында жүрген Мақсат Амантайұлы тағы да өзінің жаңашыл бастамасымен көптің көңілінен
шыға біледі. Сап түзеп тұрған қызметкерлер «жемқорлыққа жол жоқ» деген сөздің әріптерін жыртып жан-жаққа лақтырады. Дәл осы сәтте саптың екі жағында орналсқан өрт сөндіру автокөліктері бар екпінімен жоғары бағыттай суды айқастыра шашып, жемқорлыққа жол жоқ деген сөзді икс әрпімен бейнелейді. Осылайша Мақсат Амантайұлы ойлап тапқан, есесіне сәтті шыққан бейнеролик біраз уақытқа дейін әлеуметтік желіден түспей, әлгі суды айқастыра шашу идеясын өзге облыстар да қайталаса керек.
Сондай-ақ Мақсат Амантайұлы 2013 жылы жаңадан пайдалануға берілген Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімнің айналасын көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарын өте жоғары деңгейде ұйымдастырып, сол кездегі өрт сөндіру бөлімінің бастығы Мейіржан Айманов екеуі аз ғана уақыт ішінде өрт сөндіру бөлімінің айналасына жасыл кілем іспетті шым төсеп, әсем гүлдермен көмкеріп, тіпті Қазақстан-2030 жазуын да гүл дестелерімен жазып қояды. Сондай-ақ мұнда келген қонақ облыстың өрт
сөндіру тарихымен танысады деген ниетпен небәрі 1 айда аталған ғимараттың 3-қабатынан өрт сөндіру мұражайының ашылуына ұйытқы болады. Мақсат Амантайұлы бар ынта-ықыласымен әрбір жәдігерді іздеп-тауып, бірнеше том кітаптарды ақтарып, суреттерді қайта қалпына келтіреді. Ол тіпті мұражайда
тұрған арба мен өрт сөндірушінің макетін өз ой-пікірімен жасап, құрастырған. Айта кеткен жөн М.Амантайұлы үнемі значоктар коллекциясын жинастыруды әдетке айналдған екен. Міне соның көмегі дәл осы кезеңде тиіп, түрлі кезеңдегі өрт сөндіру қызметіне қатысты кеуде белгілерін (значок) жинастырады. Әр
тақырыпқа сай әр жәдігер өзіндік орынын тапқан бұл мұражайды қазіргі уақытта оқушылар, білімгерлер мен ұстаздар және т.б. қала қонақтары тамашалап, өрт сөндірушілердің тарихымен танысуда.
Мақсат Амантайұлы тек жаңашылдықтың жаршысы болып қана қоймай сонымен қатар көлемді өрттер мен апаттарды жою бойынша жұмыстардың әркез бел ортасынан табылатын. Мысалы 2019 жылдың ақпан айында Тараз қаласындағы 9-мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғынүйдің бірінде газ баллоны жарылуы салдарынан жарылыс орын алады. Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Мақсат Амантайұлы да аталған оқыс оқиға орнынан табылып, өрт сөндіру және апаттық-іздестіру, құтқару
жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырады.
Сондай-ақ 2016 жылы Талас ауданы, Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғынүй түгелге дерлік өртке оранғанда Тараз қаласынан жоғарғы шақырту бойынша көмекке бірнеше өрт сөндіру бөлімдерінен өрт сөндіру техникалары және күштер мен құралдар жөнелтіледі. Аталған күштер мен құралдардың басы-қасында болған полковник Мақсат Амантайұлы 79 адамнан құралған жеке құрам мен 14 дана техниканың тоқтаусыз жұмысын ұйымдастырып, жеке құрамға оқиға орнынан тікелей басшылық етіп, өзге де бірінші кезектегі құтқару қызметтерімен бірлесе отырып, өрттің одан әрі пәтерлерге жайылуына жол бермей өрт сөндірумен жұмыстарымен айналысады. Нәтижесінде 300 адам қауіпсіз орынға көшіріледі. Оның ішінде 87-сі балалар екендігін атап өткен жөн.
Сондай-ақ қыстыгүні Жамбыл облысындағы Күйік, Қордай асулары маңындағы ақ түтек боранда немесе көктайғақта жолда қалып қойған адамдар мен техникаларды табиғи апаттардан құтқару шараларына қатысып, оқиға орнынан табылып, жеке құрамды тиісті деңгейде жұмылдыруға өз үлесін қосып келеді.
Ол, сондай-ақ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әскери жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған жылдары Республика деңгейіндегі жұмылдыру саласы бойынша алғашқы Республикалық жұмылдыру жиынын ұйымдастырған. Аталған жиынға республика бойынша ТЖД, Өрт сөндіру мекемелерінің басшылығы қатысқан. Осы жиын кезінде облыс намысын қорғап, М.Амантайұлының ұйымдастыруған жиын жоғары деңгейде өткізіліп, басшылық тарапынан жоғары бағаланған.
Жалпы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Мақсат Амантайұлы Қосыбаев «Өртке қарсы қызмет органдарының мінсіз қызметі үшін «І, ІІ, ІІІ дәрежелі», «Төтенше
жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет грамотасымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан
полициясына 25 жыл». Бүгінгі таңда Мақсат Амантайұлы үш ұл тәрбиелеп отырған ұлағатты әке. Сөзіміздің соңында айтарымыз еліміздің гүлденуі жолында аянбай тер төгіп жүрген, Мақсаттай елі үшін туған ерлер көбейсін дегіміз келеді.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Ішкі және сыртқыкоммуникациялар тобының баспасөз хатшысы Нурболат Умирзаков
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.