Марат Мұратұлы Ахметжанов
1964 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласы прокуратурасында тағылымгер, кейін тергеуші болып бастаған.
1993-1996 жылдары — Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары — Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары — Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары — Тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001-2003 жылдары — Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жылдары — Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары — ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жылдары — ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары — Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2021-2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды.