Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, референдум өткізу қажеттілігі жоқ, сондықтан ол өткізілмейді.
«Заңнамаға сәйкес бұл станция Үкіметтің шешімі бойынша салынады», — деп жауап берді ол.
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке екінші АЭС үшін орын іздеуді тапсырды.
Еске салайық, Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы Астанада өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар өңірлердің әкімдері баяндама жасайды.