Бұл қызмет шетелдік жоғары оқу орындары түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді.
«Бұрын дипломды тану рәсімі жеке өтініш беруді және қағаз құжаттарды жинауды талап етсе, енді бүкіл процесс онлайн форматта қолжетімді. Бұл өтінішті қарау мерзімін едәуір қысқартып, қызметті пайдаланушыларға ыңғайлы болады», — деп жазылған хабарламада.
Қызметті пайдалану үшін:
- eGov Mobile қосымшасында тіркелу қажет;
- «Қызметтер» – «Білім» бөлімінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдау керек;
- өтінішті толтырып, қажет құжаттарды тіркеп және төлем жасау қажет;
- өтінішті қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау керек.
Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Нәтижесінде азамат дипломды тану туралы электрон құжатты алады немесе заңда көзделген негіз бойынша жауап беріледі.