• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 65 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛҒАН

20.08.2021
0
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 65 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛҒАН
133
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Елдегі эпидемиологиялық ахуал маңызы бар салалардың, атап айтқанда, білім және ғылым саласына, әлеуметтік және экономикалық ахуалға, сауда-саттыққа, ауылшаруашылығына, аталған салалардың дамуына кедергі келтіргені рас. Десек те ел тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп, жоспарлы әрекеттер кезеңімен орындалуда. Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша Шу ауданының әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштеріне назар аударса, әр сала бойынша өсім байқалады.   2021 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 101,7%-ке, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 101,0%-ке, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 103,0%-ке, құрылыс жұмыстары 103,7%-ке, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 110,6%-ке, қаржы игеру көрсеткіші 99,9%-ке орындалған. Қаңтар-маусым айларының қорытындысымен  ауданда 36,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Биылғы жылға ауданда барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 5,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 57 жоба іске асырылу үстінде. Жобаларды іске асыру арқылы  1,5 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Аудан экономикасының негізгі қозғаушы саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Биылғы жылдың өнімі үшін 126 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 084 гектарға сүр айдалды. Жер пайдалану көрсеткіші 100%-ке орындалып, 46 219 гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 9 050 гектарға майлы дақылдар, 905 гектарға қант қызылшасы және 1 500 гектарға картоп орналастырылды. 16 662 гектар көкөніс пен 10 000 гектар бақша дақылдары егілген. 7 560 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда  су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар   2060 гектарға ұлғайған.  Бұл ретте ауданда су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып, «Қызылша» ЖШС-і егін шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған. Бүгінгі күні азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екені белгілі. Осы бағытта Бірлік ауылынан сыйымдылығы 20,0 мың тоннаны құрайтын заманауи технологиямен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Нысанның құны 1,2 млрд. теңгені құрайды.   Қойма қолданысқа берілгеннен кейін  маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз септігін тигізетін болады.

Мал шаруашылығы саласында барлық түліктер санатында және барлық өнім түрлерінде өсім қалыптасты. 6 айдың қорытындысымен 18 385,0 тонна сүт, 4 324,7 тонна ет өндірілген. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Қаңтар-маусым айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 970,6 млн. теңге қаржы берілген. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы аясында 65 адам 246,2 млн теңге шағын несие алды, 607 азаматқа 350,0 млн теңгеге өз кәсібін бастауға қайтарымсыз грант берілген. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 39 жеке кәсіпкер 327,9 млн. теңгеге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 3 кәсіпкер  46,5 млн. теңге несие алған.   Аудандағы жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 7102-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ке өскен.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: бизнесгрантжобашаруашылықшу ауданы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский