• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Депутат Сайыров: “Үкімет қарыз алуға әуестеніп бара жатыр“

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров сыртқы қарыздың болашақта қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

turan_admin turan_admin
27.11.2024, 17:22
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Депутат Сайыров: “Үкімет қарыз алуға әуестеніп бара жатыр“
101
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Депутат бюджет тапшылығы жаһан елдерін де шарпып отырғанын, бірақ Қазақстан үшін сырттан қарыз алу тенденцияға айналып кетпеуі керек екенін мәлімдеді.

«Дүниежүзілік экономиканың жағдайын барлығымыз көріп отырмыз. Бюджеттің тапшылығы тек Қазақстанға сәйкес емес. Бірақ біздің Үкіметіміз биылдан бастап ішкі және сыртқы қарызды алуға әуестеніп келе жатыр. Яғни ертең тенденцияға айналуы ықтимал. Дүниежүзілік дағдарыс болса, ішкі және сыртқы қарызды қалай қайтарамыз деген сұрақ туады. Бүгіннің өзінде Қазақстанның жалпы мемлекеттік қарызы 63 миллиард болды. Соған қосымша 600 миллиард теңгені алып жатырмыз. Келесі жылдың бюджетінде тағы 4 триллион ішкі қарыз тұр. Үкімет ішкі қарыз деп бізді басады. Бірақ ішкі қарыз бен сыртқы қарыздың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Екеуі ертең біздің бюджетке үлкен салмақ болып түскен кезде біздің еліміздің экономикалық өсімі азаятыны сөзсіз», — деді ол.

Сайыровтың сөзінше, келесі жылдың өзінде 2,5 триллион теңге тек қарызды өтеуге бағытталып отыр.

«Осы бағытпен әрі қарай жүре беретін болсақ, Латын Америкасы елдерінің деңгейіне келіп қалуымыз ықтимал. Үкіметке қазірден бастап бюджетті оңтайландыру керек. Қымбат көлік, қымбат жиһаз (алуды қою керек — еск.). Аймақтарда бюджеттің ақшасына өте ірі құрылыстар салынып жатыр. Аурухана, мектептен басқа әкімшіліктің құрылыстың бәрін тоқтату керек», — деді ол.

Депутат олигархтар туралы да сөз қозғады.

«Квазимемлекеттік секторда, әртүрлі ірі компанияларда триллиондаған теңге ірі банктердің депозитінде жатыр. Олар біздің мемлекетімізге емес, олигархтарға жұмыс істеп жатыр. Соларды неге қайтармайды?! Бүгін біз түсіністікпен қараймыз. Бірақ ертең біздің балаларымыздың тағдырына осы мәселе кері әсер етуі ықтимал. Шешім қабылдаған кезде осы мәселе әрқашан ойымызда болуы керек. Қарыз алуға әуестенгеннен гөрі ішкі резервтерімізді қарастырып, әртүрлі олигархтық топтар лобби жасаған шығындарды қайта қарап шығуымыз керек тәрізді», — деді Сайыров.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында қаржы министрі Мәди Такиев «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді(Жай операциялар) (Фискалды басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы –1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» заң жобасын баяндады.

Осылайша Мәжіліс Азия Даму Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Азия Даму Банкі Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 52,3 миллиард йен сомасында 15 жыл өтеу мерзімімен қарыз береді.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай да Үкімет қаржыны дұрыс жоспарлай алмай отырғанын айтқан болатын.

Тегтер: Ерлан СайыровқарызҮкімет
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.