Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Сыбайласқа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 5-6 ақпан күндері департамент қызметкерлері латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, қолдағды және көздағдыны қалыптастыру мақсатында «Abaıdyń týǵanyna – 175 jyl» тақырыбында диктант жазды. Іс-шараға 56 қызметші қамтылды.