• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 15:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Cyberpol. 267 интернет-алаяқтық қылмысы әшкереленді

Жамбыл облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында интернет-алаяқтықтың алдын алу және ашу мәселелері туралы брифинг өткізді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
21.01.2025, 14:33
Облыс жаңалықтары
Cyberpol. 267 интернет-алаяқтық қылмысы әшкереленді
126
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Брифингте Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы, Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Мұхаммед Қошмағанбетов сөз сөйледі.

Елімізде интернет-алаяқтық қылмыстарының белең алуына байланысты Н. Ұласбекұлы өзінің сөзін маңызды бағыттардың бірі  –интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу жұмысының нәтижелеріне арнады.

Облыс прокуратурасы интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстарды алдын алу, ашу және тергеп-тексеру сапасын арттыру мақсатында бірқатар үйлестірушілік шаралар қабылдады.

Жоспарланған іс-шаралар аясында мекемеаралық жиналыстар өткізілді, нәтижесінде 2024 жылдың 4 қарашасында облыс прокурорының өкімімен полиция және прокуратура қызметкерлерінен тұратын «Cyberpol» мекемеаралық жұмыс тобы құрылды.

Топ заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілді.

Жедел-тергеу жұмыстарына аса назар аударылып, 267 интернет-алаяқтық қылмысының 90 бойынша күдікті тұлғалар анықталып, жауаптылыққа тартылды. Ашылу пайызы 34%-ға көтерілді.

Прокуратураның бастамасымен әзірленген «CyberShekteuTaraz» телеграмм-боты арқылы 114 жалған мәліметтер (интернеттегі қатерлі сілтемелер, алаяқтардың ұялы телефон нөмірлері, әлеуметтік желілер мен маркетплейстардағы жалған жарнамалар) қабылданып, бұғаттау шаралары жүргізілуде.

Ұлттық Банк «Антифрод-орталығы» мүмкіншілігін пайдалану тәжірибесі күнделікті қолданылуда. Аталған орталыққа күмән тудыратын 256 банктік есепшот енгізіліп, 231бұғатталды.

Телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының да өршіп тұрғандығын ескере отырып, байланыс операторларымен кездесулер ұйымдастырылып, «Казахтелеком» және «Кселл» АҚ-ның өкілдерімен ынтымақтастық меморандумы жасалынды.

Бүгінгі күні бірлескен жұмыстар нәтижесінде 128 слоттық «СИМ-бокс» құралы анықталып, күдікті қамаққа алынды.

Бұл құралды пайдалану арқылы басқа облыс тұрғындарына алдау жолымен қаражаттарын жымқыру фактілері тіркелді. Сондай-ақ, интернет-алаяқтарға көмек көрсеткен азаматтардың жауаптылығы күшейтілуде.

Қазіргі уақытта екі дроппер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Жәбірленушілерден жымқырылған қаражаттарды есеп-шоттардан шешуге көмектескен дропперлерден келтірілген шығынды өндіру тәжірибесі де заңмен қолға алынды.

Брифинг барысында прокуратура мен полиция өкілдері журналистерді қызықтырған  сұрақтарға жауап берді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: алаяқтарЖамбыл облысы Полиция департаментіжамбыл облысы прокуратурасыкиберқылмыс
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектептегі орамал мәселесі. Instagram мен TikTok-қа кіру шектелді

13.10.2026, 13:51

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.