Атап айтсақ, Тараз қаласында 13, Қордай ауданында 4, Байзақта 3, Талас, Шу, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында бір-бір симптомдық жағдайдан тіркелген.
Барлық науқастар ЖРВИ белгілері бойынша емханаға өздері жүгінген.
Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық және провизорлық стационарларға тасымалданды. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Сондай-ақ, өткен тәулікте симптомсыз Шу ауданында 11 жағдай, Жамбыл ауданында 8, Қордай ауданы және Тараз қаласында 6 жағдайдан, Байзақ ауданында 4, Меркі ауданында 1 жағдай және Алматыдан әкелінген 1 жағдай расталды.
Олардың қатарында Қордай ауданынан бір жасар бала, Жамбыл ауданынан 5 жасар бала бар.
Көптеген науқастар жоспарлы немесе шұғыл ауруханаға жатқызу алдында коронавирус тестінен өткен. Олардың барлығы үй карантиніне алынды.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирусты инфекцияның 2957 жағдайы тіркелген. Барлық індет жұқтырғандардың1365-і емделіп, дәрігердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Жалпы, Жамбыл облысында коронавирустық инфекциядан 7 өлім оқиғасы тіркелген.