Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 3 жағдайы тіркелді, оның екеуі – симптомсыз.
Атап айтсақ, 87 жастағы Талас ауданының тұрғыны дәрігерлерге жоғары температура, ентігу, әлсіздікке қатысты шағымдарымен жүгінген. Одан коронавирусқа алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетіп, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 63 жастағы Тараз қаласы тұрғынынан, 27 жастағы қордайлықтан инфекция анықталған. Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққан олар қазір үй карантинінде.
Жалпы, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустың 4084 жағдайы тіркелді. Оның 3569 емделіп, ауруханалардан шығарылды.






