Тараз қаласында 10 ауру жұқтырған азамат анықталса, Жамбыл ауданында 3, Меркі мен Байзақ ауданында 2 фактіден тіркелді. Сондай-ақ Шу ауданында да індет жұқтырған азамат бақылауға алынды.
Барлық науқастар ауруханаға өздері жүгінген. Олардың ішінде 7-і зейнеткер.
Орын алған жайттар бойынша науқас адамдар стационарға жатқызылып, олармен байланыста болған жақындары оқшауланды. Індет ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Соңғы тәулікте Мойынқұм ауданында 5 симптомсыз ауру анықталса, Шу мен Талас ауданында — 4, Байзақта – 3, Меркі мен Тараз қаласында – 2, Т.Рысқұлов пен Жаммбыл ауданында – 1 адамнан тіркеуге алынды. Сонымен қатар Алматы өңірінен келген бір науқас белгілі болып отыр. Аталған азаматтардың барлығы үй карантинінде.
Қазіргі таңда көптеген науқастар жұмыс берушінің есебінен коронавируске қатысты тестен өтуде.
21 шіде күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында 2999 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Олардың ішінде 1398-і жазылып шығып, дәрігерлердің бақылауында.