Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.
Атап айтсақ, Жамбыл ауданында 68 жастағы әйел өз еркімен тексерістен өткен. Оның коронавирусқа талдауы оң нәтиже көрсеткен. Ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен байланыста болған тұлғалар карантинге алынды. Ауру ошақтарында қорытынды дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.
Сондай-ақ, Тараз қаласының 71 жастағы тұрғыны мен Шу ауданының 8 жасар баласынан коронавирус ауруының симптомсыз түрі анықталған. Әйел ауруханаға жатар алдында жоспарлы тексерістен өтсе, ал бала байланыста болған тұлға ретінде талдау тапсырған. Олар қазір үй карантиніне оқшауланды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4191 жағдайы тіркеліп, ауруханалардан 4086 науқас емделіп шықты.






