• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Былтыр жамбылдық тұтынушыларға сот негізінде 1 562 000 теңге қайтарылды

Бүгін облыстық өңірлік коммуникациялық қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Еркінбекұлы 2023 жылғы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.

turan_admin turan_admin
30.01.2024, 17:14
Облыс жаңалықтары
Былтыр жамбылдық тұтынушыларға сот негізінде 1 562 000 теңге қайтарылды
263
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2023 жылы аталған мекеме 733 өтініш келіп түскен. Өтініштер өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 60,2 пайызды құрайды. Сауда қызметі бойынша 52 өтініш түскен. Департаментке келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 476 өтініш қанағаттандырылған. Нәтижесінде тұтынушыларға 43,9 миллион теңге қайтарылған. Сондай-ақ, 217 тұтынушы өз мәселелері бойынша түсініктеме алды.

Сонымен қатар, департамент өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша заңсыз бағаны көтеру фактілерімен күресу жұмыстарын атқарып келеді.

Департаментпен Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларының жоғары болуына байланысты шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспауы бойынша жадынамалық ақпаратты тауар өндірушілердің, сауда субьектілерінің және жергілікті тұрғындардың назарына жеткізу үшін жадынамалар жолданған.

Жадынамалардың жергілікті тұрғындардың назарына жеткізудің басты себептері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы мемлекеттік атқарушы органдардың бақылауында екендігін, аталған тауарлардың тізімімен танысу, олардың бағасына  заңмен белгіленген мөлшерде сауда үстемесінің белгіленгендігін жеткізу және тұтынушылардың қоғамдық бақылауын күшейту және құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Атап айтқанда  2023 жылы 62 тексеріс жүргізілді, оның ішінде: 49 кәсіпкерлікке ескерту беріліп бұзушылықтар жойылды, 3 айыппұл салынды.

Оның ішінде ірі сауда желілері «Вкусная корзинка» ЖШС сауда желісіне тауық жұмыртқасының (бес кара) үстеме бағасын 16,9 % асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша ескерту беріліп бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, «Вкусная корзинка» ЖШС-не витриналарында қойылған, құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асырып сатылған «Ушастый Нянь» ұнтағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша  айыппұл салынды.

Департаментпен облыстағы мүделлі органдармен бірлесіп 74 өңірлік комиссия жүргізіліп, жылдың басынан 72 факті анықталды. Сонымен қатар, Департамент мемлекеттік кірістер органдары 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне сауда үстемсін сақтау бойынша мониторинг жүргізіп, өңірлік комиссия қарауына ұсынды. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер жойылды.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес облыста 239 көкөніс сақтау қоймалары бар. Департаменттің санағының нәтижесінде облыста 40 тоннадан асатын 209 көкөніс қоймалары анықталды. Казіргі таңда департамент және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқару нәтижесінде, 113 көкөніс қоймасы статистика бюросына ресми түрде тіркелді.

Брифинг барысында департамен басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев Smart QR жобасына  тіркелген нысандар туралы да ақпарат беріп өтті.

– 2023 жылғы 30 наурыздағы №2162 Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларына сәйкес сауда нысандарын Smart QR жобасына қосу бойынша кәзіргі кезде 10 базарды, атап айтқанда Авто тауар, Ауыл-Береке, Нұралы, Ақсай, Grand Bazar, Яккасарай, Береке, Салтанат, Құлан Шикізат мал базары, «САУДА-СЕРВИС» ЖШС Smart QR жобасына тіркеу жұмыстарын жүргізді. Жол картасына сәйкес, екі сауда базары жаңғыртудан өтіп жұмыстары аяқталып құжаттары толығымен (Изи Прожек) электрондық платформасына енгізілді, олар Нұралы және Ақсай базары. Нұралы базарының инвестициялық сомасы 250 миллион теңгені Ақсай базарының инвестициялық сомасы 200 миллион теңгені құраған.

Басшының баяндауынша 2023 жылы Департамент талап-арыз жұмысы бөлігінде жауапкер ретінде 2 сот процесін жеңіп алды, сондай-ақ 3-ші тұлға ретінде 4 сот процесіне қатысты, нәтижесінде тұтынушыларға 1 562 000 теңге қайтарылыпты. Мекемеде ақпараттық түсіндіру жұмыстары да жолға қойылған. Мәселен, департамент өңірлік БАҚ, радио, теледидар, Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілерінің беттерінде материалдарды орналастыру арқылы халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Былтыр әлеуметтік желілерде 914, БАҚ-да 51 ақпарат жарияланған.

Шара соңында мекеме өкіліне Turaninfo.kz ақпарат агенттігінің редакциясынан сауал қойылды. Ең алдымен Байқадам Еркінбекұлынан басшысының брифингке келмеу себебін сұрадық.

Департамент басшысының брифингке келмеуінің салмақты себебі бар. Жұмыс кестесі тығыз. Брифингті графикке қойған күні басшы жедел түрде іссапарға кететін болды. Сондықтан брифингке басшы ретінде департаменттің атынан мен, яғни орынбасары қатысады, — деп жауап берді департамен басшысы.

Мұнымен қоса тілшімізден «неге сіздер халық арасында жүріп,дүкендерді аралап, кері байланыс алып, мониторинг жүргізбейсіздер?» деген сауал төтесінен қойылды.

Бұл сауалға басшы: «Департамент функциясында жоспарланған тексерістер жоқ. Жоспарланған түрде, тек арыз негізінде шығамыз. Бізде мониторинг сейсенбі, бейсенбі сайын жүреді. Дүкендердің бәрін аралаймыз. Бағаны қадағалаймыз. Ал жалпы тексерісті тұтынушының жазбаша арызы негізінде жоспарлаймыз. Бірден баса көктеп тексеріс жүргізу біздің құзіретімізде емес»,- деп жауап берді.

Брифинг соңында департамент басшысына өзге де әріптестер сауал жолдап, нақты жауаптар алды.

Махаббат Жандарбекқызы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.