Оқу орнының жаңа иесі кім болады?
Енді университеттің жаңа иесі — Қайтарылған активтерді басқару компаниясы. Бұл компанияның жалғыз құрылтайшысы және қатысушысы — Қазақстан Үкіметі.
Университеттің акционерлік құрамындағы өзгерістер 27 ақпанда ресми тіркелген.
ҚБТУ тарихы
ҚБТУ 2001 жылы 3 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылған. Қазақстан тарапынан құрылтайшысы — Үкімет, ал уәкілетті органы — Білім және ғылым министрлігі. Ұлыбритания тарапынан университеттің серіктестері — Ұлыбритания елшілігі мен оның негізгі өкілі ұлыбританиялық кеңес болды.
2003 жылы университет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының меншігіне өтті, сол кезде компания университеттің жалғыз акционері болған. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қарамағына өтті. Қордың құрылтайшыларының бірі Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева болды.






