3 ақпан күні Испанияның Ла-Нусия қаласында «Boxam» турнирі басталады. Оған баратын боксшылар анықталып қойды. Бұл турнир World Boxing ұйымдастырып жатқан алғашқы халықаралық жарыс.
Бұл жарыспен қатар Сербияда «Belgrade Winner» турнирі басталады.
Ал ақпандағы басты бәсекенің бірі Болгария елінің астанасы Софияда өтеді. «Странджа» халықаралық турнирі кіл мықтылардың басын қосады. Жарысты «кіші әлем чемпионаты» деп те атайды.
Биыл бұл жарысқа ұлттық құраманың ең үздік боксшылары қатысады деп күтілуде. Sportarena.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасы Болгарияда ең мықты құраммен бақ сынайды.
«Бұл шешімнің себебі — соңғы екі жылда командамыздың өзбек боксшыларына есе жіберуі ме, әлде лидерлерді шынайы жекпе-жекте сынау ниеті ме, белгісіз», — деп жазады басылым.