• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Болашаққа бағдар: инклюзивтік білім берудің гуманистік бастаулары

turan_admin turan_admin
04.05.2020, 21:33
Облыс жаңалықтары
Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралады
738
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», — деген сөздері инклюзивті білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстандық қоғамдағы инклюзивті білім беру мәселесін гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып, денсаулығына байланысты мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, жұмыс жасап, табысты болуына мүмкіндіктер жасалуы тиісті екендігінде. Еліміздің тарихына үңілсек, ата-бабаларымыз жетімді жылатып немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәбір көрсетіп, қоғамдық ортадан шеттеткен емес. Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеті де осы әлеуметтік қамқорсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді орта қалыптастыру болып табылады.. Инклюзивті білім беру — жалпы білім берудің даму үдерісіндегі әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Ол, инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта. Осы орайда, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің стртагеиялық жоспары бойынша инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндетін орындау жұмыстары да кең көлемде жүзеге асырылған. Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға толыққанды кәсіби білім алуына қолжетімді орта қалыптастырылған, шаруашылық есебінен оқитын студенттерге әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған, оқу бітіргеннен кейінгі постдипломдық кезеңде қолдау көрсету жолдары да жүйеленген. Болашақ педагогтардың инклюзивті сауаттылығын қалыптастыру мақсатында 3 курста барлық мамандықтарда «Инклюзивті білім беру» пәні жүргізіледі.  Бұл ерекше білімді қажет ететін тұлғалармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің болашақ педагогтардың даярлығын көрсетеді. Сонымен қатар,  «Арнайы педагогика» кафедрасы  Тараз қаласындағы №25 мектептегі Инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті (Дара қоғамдық қоры), № 32 орта мектептегі Инклюзивке қолдау көрсету орталығы (Болашақ корпоративті қоры) және «АСАР» мүгедек жастар қоғамдық бірлестігі, «Нұрбала» жобасы бойынша екі жақты меморандум жасалған. Оның мақсаты университетет тарапынан орталықтарға ғылыми-әдістемелік бағытта қолдау көрсету болса, екінші жағынан сол мекемелердің тәжірибесімен танысу арқылы студенттер болашақ кәсіби қызметіне даярлығын қалыптастыру барасында инклюзивті орта туралы теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдау болып табылады. Мамандықтың волонтер-студенттері үздіксіз қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады. «АСАР» мүгедек жастар қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұжымына, балалар мен қарттар үйіне қамқорлық қол ұшын созады, мерекелік іс-шаралары жасап отырады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушысы Кәдірбай Әсел

Дереккөз: https://massaget.kz/blogs/26311/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.