• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Бізге сылтау емес, нақты нәтиже керек»: Нұржан Нұржігітов су жүйелерін жаңғырту жұмыстарын сынға алды

turan_admin turan_admin
20.12.2022, 22:55
Облыс жаңалықтары
«Бізге сылтау емес, нақты нәтиже керек»: Нұржан Нұржігітов су жүйелерін жаңғырту жұмыстарын сынға алды
153
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасовтың қатысуымен өткен кеңесте Еуропалық қайта құру және даму банкінің жобалары бойынша су каналдарын жөндеу-құрылыс жұмыстарының мәселелері қаралды.

Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Меркі аудандарындағы су каналдарын, дренаждық жүйелер мен су нысандарын қайта жаңғырту бойынша 34 жоба жүзеге асуда. Жобалардың жалпы құны 26,5 миллиард теңгені құрайды десек, бүгінгі таңда оның 12,8 миллиард теңгесі игерілген. Қазіргі таңда 91 каналды (380,9 шқ), 321 су нысандарын, 33 құдықты жөндеу жұмыстары аяқталған. 173 каналдың жөндеу жұмыстары жалғасуда десек, олар келер жылы аяқталмақ. Бұл жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша 53,965 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда (23,9 мың га қалпына келтірілді).

Облыс әкімі бірқатар каналдар бойынша жөндеу жұмыстарының әлі күнге аяқталмай отырғанын сынға алды.

— Жалпы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Мердігерлер жыл соңына дейін жұмыстың 85-90 пайызын орындаймыз деп уәде берген. Жаңа вегетациялық маусым басталғанға дейін барлық нысандар тапсырылуы керек еді. Бізге сылтау емес, нақты нәтиже керек. Қаржыға қатысты барлық мәселелер шешілген. Мердігерлерге құрылыс жұмыстарын кешіктіруге ешқандай себеп жоқ, — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Аймақ басшысы әр жоба бойынша мердігерлерден жеке-жеке жауап алды.

 — Ауыл тұрғындары таңертеңнен кешке дейін алқапта жұмыс істейді. Олар бір күнді де босқа өткізбеуге тырысады. Шаруалар үшін судың дер кезінде берілгені маңызды. Ал, сіздер кабинетте отырып, құжаттарды реттей алмай отырсыздар.

Вегетациялық кезең басталғанға дейін жұмыс 100 пайыз аяқталуы тиіс. Біздің негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру, — деп түйіндеді облыс әкімі.

Компания өкілдеріне жұмыс кестесі бұзылған және өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда олармен келісім-шарт бұзылатындығы ескертілді.

Нұржан Нұржігітов аудан әкімдіктеріне жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды тапсырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.