• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Біздің ортақ мақсатымыз – қол жеткізілген оң нәтижені сақтау

turan_admin turan_admin
29.01.2021, 10:42
Облыс жаңалықтары
Біздің ортақ мақсатымыз – қол жеткізілген оң нәтижені сақтау
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Оңласын Мұқашевтың есебін тыңдап, «Еврохимиялық тыңайтқыштар» ЖШС кәсіпорнына да атбасын бұрды.

Жиналыс Ақтоғай ауылындағы орта мектептің акт залында өтті. Оған округ құрамына кіретін Ө.Сыздықбайұлы ауылының тұрғындары да қатысты.

Округ аумағында 1652 адам тұрады. 45 қожалығы жұмыс істейді және 131 жеке кәсіпкер тіркелген. Ауылдықтар жыл сайын мал басының өсіп келе жатқанын айтады. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы он шаруа қожалығы 57,4 миллион теңге көлемінде қолдауға ие болған. Барлығы 1107 гектар егістік алқапта дәстүрлі түрде бидай, арпа және беде өсірілуде.

Ақтоғай ауылында 117 аула, Ө.Сыздықбайұлы ауылында 97 аула өз жеке қосалқы шаруашылықтарындағы жер учаскелерін тиімді пайдалануда.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша 32 ауыл тұрғыны қайтарымсыз гранттарға ие болған. Төрт жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылды десек, екі маман жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасқан.

Ақтоғай ауылында 8,3 миллион теңгеге шағын спорт алаңы салынып, үш көшеге жарықтандыру жүргізілген.

Өткен жылы округте бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Учаскелік инспектор барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген десек, бұл оған күн-түн демей түрлі құқықбұзушылыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Екі ауылда да қайырымдылық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жалғызбасты қарттар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектер мен гигиена құралдарымен қамтамасыз етілуде.

Ақтоғай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов тұрғындар спортпен қыста да шұғылдануы үшін жабық спорт кешенін салу қажеттігін жеткізді. Зейнеткер Рымбала Тұрғынбекова жергілікті су арнасының айналасына қоқыс контейнерлерін орнатуды сұрады. «Бірлік» шаруа қожалығының басшысы Жүрген Айтбековке мал шаруашылығын дамыту үшін субсидияға мұқтаж екенін білдірді. Бердібек Сапарбаев ауылдық округ әкіміне тұрғындар көтерген мәселелерді шешуді тапсырды.

— Коронавирус өзінің кері әсерін тигізгеніне қарамастан, жыл жаман аяқталған жоқ. Жамбыл облысының көрсеткіштері республикалық орта көрсеткіштерден төмен емес. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Сарысу ауданына жеті миллиард теңге бөлінді. Ауқымды жұмыс атқарылды. Біздің ендігі ортақ мақсатымыз – осы оң нәтижені сақтау. Бұған тек берік бірлігіміздің арқасында қол жеткізе аламыз. Еңбексүйгіш, тату-тәтті және қонақжай жаңаарықтықтар ортақ күш-жігердің арқасында өз округтерін көркейту және үздік етуі үшін талмай тер төгуі керек, — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовқа және Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Оңласын Мұқашевке ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру, пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару, ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру, қайта өңдеу бойынша сүт және ет цехтарын ашу, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіруге қатысты жүйелі жұмыстар жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Кездесуден соң облыс әкімі өткен жылы күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимаратын аралап көрді. Директор Әмина Шегірова «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 157 миллион теңге бөлінгенін айтты. 2003 жылы іргесі қаланған мектеп ғимаратының едендері, есіктері, терезелері, жылыту жүйесі толығымен ауыстырылып, санитарлық торап жабдықталған. Сондай-ақ жаңа жиһаздар сатып алынған. Робототехника кабинеті ашылып, 22 бейнекамера орнатылыпты. Қазір 178 бала штаттық режимде білім алуда.

Бұдан кейін облыс әкімі «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС-не арнайы ат басын бұрып, серіктестіктің бас директоры Игорь Георгиадимен 2020 жылдың қорытындысын саралады. 2019 жылмен салыстырғанда кен өндіру 26,6 пайызға ұлғайса, фосфорит ұнтағының өндірісі 622 100 тоннаға жеткен, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5000 тоннаға артық. Басқосуда эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, өндірістік кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау, сондай-ақ Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне айрықша назар аударылды. Компанияның әлеуметтік аударымдары 24 миллион долларды құраған.

Кездесу барысында тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Игорь Георгиади атап өткендей, ол Меморандум коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған күш-жігердің, Жамбыл облысында өнеркәсіпті дамыту жөніндегі өндірістік жоспарлар мен ұсыныстардың, әлеуметтік серіктестіктің өңір басшылығы тарапынан ерекше қолдау табатынын айқындайды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.