• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Біздің міндет – жасанды интеллектті тиімді қолдану» деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу бойынша кешенді бастамалар мен жобалар қолға алынуда. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елордада өтіп жатқан «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» XIV халықаралық конференция аясында халықаралық жетекші сарапшылармен кездесіп, жаңа буын технологияларын білім беру жүйесіне енгізу мәселесін талқылады

31.10.2025
0
«Біздің міндет – жасанды интеллектті тиімді қолдану» деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова
111
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Министрмен кездесуге британдық білім берудегі ЖИ саласындағы сарапшы Дэн Фицпатрик, Bedrock AI, Diverse AI негізін қалаушы және бас директоры Тоджу Дьюк, аустралиялық Кертин университетінің Білім беру мектебінің жоғары оқу орнынан кейінгі зерттеулер жөніндегі директоры Кок-Синг Танг, Аделаида университетінің жасанды интеллект және білім беру саласындағы профессоры Райан Бэйкер, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысты.

Кездесуде қатысушылар цифрлық трансформация жағдайындағы мектеп білімінің қазіргі үрдістері, сын-қатерлері мен перспективалары, заманауи технологияларды білім беру жүйесінің дамуына тиімді бағыттап пайдалану жөнінде пікір алысты.

«Білім беру саласында жасанды интеллект пен технологиялық жаңалықтарды енгізуде негізгі рөл әрдайым мұғалімге берілуі қажет. Шынайы білімнің мәні – адамның зердесі, адалдығы мен жүрек жылуында. Біздің міндет – білім беру жүйесінде жасанды интеллектті тиімді пайдалана отырып, жаңа буын технологиясы көмекші құрал болатын білім беру ортасын қалыптастыру», — деді оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ, қатысушылар жасанды интеллектті қолдануда білім алушылар тарапынан академиялық адалдықтың сақталуын күшейту жолдарын бірлесіп талқылады. Халықаралық сарапшылар жаңа буын технологияларын білім беру жүйесіне енгізу бойынша өз көзқарастарын ұсынды.

«Қазақстанның жасанды интеллект технологияларын енгізуге және оқушыларды жаңа технологиялық дәуірге қажетті заманауи құралдар мен дағдылармен қамтамасыз етуге деген талпынысы ерекше әсер қалдырды», – дейді сарапшы Дэн Фицпатрик.

Айта кету керек, елімізде бүгінде жасанды интеллектті енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оқытуды дербестендіруге бағытталған «AI Kitap» платформасы іске қосылып, «Day of AI» онлайн-әдістемелік кешені әзірленді. Жасанды интеллектті қауіпсіз әрі әділ қолдану мақсатында этикалық стандарттар бекітілді. Педагогтердің жасанды интеллектті тиімді қолдану біліктілігін арттыру үшін үш деңгейлі оқыту жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, министрлікпен жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу деңгейін бағалайтын ұлттық құрал дайындалуда

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты