Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 6 бағыт бойынша беріледі

2024 жылдың басында республикада 14-35 жас аралығындағы жастардың саны 5 759 781 адамды немесе халықтың жалпы санының 30% – ын құрады, оның ішінде 2 915 985 ер адам және 2 810 552 әйел бар.

26
ҚАРАЛЫМ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ алаңында осындай мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, қазір мемлекет тарапынан жастардың жағдайын жақсартатын, мүдделерін қамтамасыз ететін, жан-жақты дамытатын көптеген мемлекеттік қолдаулар, бірқатар сыйақы мен грант жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты.

2021 жылдан бастап Мемлекет басышысының бастамасымен жыл сайын жастарға «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі.

«Грант берудің мақсаты жастардың белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қазіргі кездегі бастамаларын мемлекеттік қолдау. 2021 жылдан бастап 93 жас азамат республикалық деңгейде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды. Атап айтқанда, 2021 жылы – 30 адам, 2022 жылы — 33, 2023 жылы – 30 адам. 2023 жылдан бастап аталған грантқа 14 жастан 35 жасқа дейінгі жас азаматтар үміткер бола алады», – деді спикер.

Биыл грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағыттарының тізбесінде қосымша «волонтерлік» көзделген. Осылайша, 2024 жылдан бастап грант 6 бағыт бойынша берілетін болады.

Қағидаларға сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау; екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурстық комиссияның жеңімпаздарды анықтауы.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы