• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 14:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Биыл егіс жұмыстарын несиелендіруге алғаш рет 580 млрд теңге бөлінеді — министр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңірлермен жиналысында егіс науқанын қаржыландыру және шегірткеге қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
25.04.2024, 22:41
Қазақстан жаңалықтары
Биыл егіс жұмыстарын несиелендіруге алғаш рет 580 млрд теңге бөлінеді — министр
83
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Айдарбек Сапаров биыл көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіруге алғаш рет 580 миллиард теңгеге дейін бөлінгенін, оның 400 миллиарды коммерциялық қарыз капиталы екенін, оның да жеңілдетілген мөлшерлемесі болатынын баса айтты.

«Біз шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының барынша кең ауқымын қаржыландыруды қамтамасыз етуіміз керек. Премьер-Министр тапсырғандай, енді әкімдіктер Аграрлық несие корпорациясымен бірге қаржыланжыруды қажет ететін шаруашылықтардың тізімін нақты пысықтауы қажет», — деді министр.

Айдарбек Сапаров әрбір АШТӨ ақпарат жеткізудің маңыздылығына тоқталып, Аграрлық несие корпорациясына шаруаларды несиелендіруге барынша күш салуды тапсырды. Бұл қаражат өндірушілерге агротехнологияларды сақтауға, тыңайтқыштарды қажетті көлемде пайдалануға, қажетті өңдеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Жаңа тетік фермерге «таза» 5% -бен несие алуға мүмкіндік береді, ал қарыз беру мерзімі 12 айды құрайды. Кепіл тапшылығы проблемасын шешу үшін «Даму» қорының құралдары арқылы Аграрлық несие корпорациясында АШТӨ қарыздарын кепілдендіру тетігі іске асырылуда, ол несие сомасының 85%  мөлшерінде кепілдік береді. Кепіл бойынша қалған қамтамасыз етуді ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзі ұсынады.

Аграрлық несие корпорациясында несие мақұлданғаннан кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Даму» қорына құжаттарын тапсыруы керек. Құжаттар тізімі Аграрлық несие корпорациясы мен «Даму» қорының сайттарында орналастырылады.

Айдарбек Сапаров Президенттің тыңайтқыш енгізу көлемін 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы тапсырмасына да тоқталды, бұл Қазақстандағы егіс алқаптарына ұсынылған нормаға сәйкес келеді. Министр бұл жұмысты жеделдету қажеттігін атап өтті.

Айдарбек Сапаров биылғы жылы туындауы мүмкін қиындықтарды да атап өтті. Атап айтқанда, 2024 жыл шегірткенің табиғи циклінің шыңы болып табылады және құрғақшылыққа әкелуі мүмкін қалыптан тыс жоғары температура болжанады.

«Біз құрғақшылық болжамдарына назар аударуымыз керек. Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін шұғыл шаралар да, ұзақ мерзімді стратегиялар да қажет. Қажет болса, құрғақшылыққа төзімді сорттарға көшуді, ауыспалы егістерді өзгертуді және басқа да шараларды қамтамасыз ету қажет», — деп түсіндірді министр.

Вице-министр А.Сұлтанов 29 сәуірде ҚР АШМ алаңында «Қазгидромет» РМК-ның, климатолог-ғалымдардың, сала сарапшыларының, аграрлық ғылым мен агробизнес өкілдерінің қатысуымен ағымдағы маусымға арналған болжамдар және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялар тақырыбында дөңгелек үстел өтетінін атап өтті.

Шегірткеге қатысты жағдайды Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов баяндады.

«Шегіртке зиянкестері бойынша мониторингтік зерттеулер 37,7 млн га, үйірлік шегіртке зиянкестерінің дернәсілдері бойынша 19,0 млн га жүргізіледі». — деп түсіндірді Д.Әбдікәрімов.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында марокко шегірткесіне қарсы қорғау іс-шаралары жүргізілуде. 2024 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша мароккалық шегіртке дернәсілдері бойынша 252 мың га тексерілді, өңделуге жататын алқап — 85 мың га құрайды, 55 мың га өңделді. Түркістан облысының Қазағұрт ауданындағы қиын жерлерді өңдеу үшін алғаш рет дрондар пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ, Д.Әбдікәрімов шекаралық аумақтарда шегіртке тұқымдастарға қатысты жағдай үнемі қадағаланып отырғанын жеткізді. Осылайша, өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылығы министрліктерімен фитосанитариялық жағдай туралы ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

Шегірткелердің іргелес аумақтарға көшуіне жол бермеу және шекара маңындағы облыстарда қиындықтарды болдырмау мақсатында шекара маңындағы аумақта бірлескен мониторингтік жұмыстардың жоспарлары жасалады. Қазіргі уақытта Өзбекстан мамандарымен бірлескен тексерулер жүргізілуде.

Айдарбек Сапаров аумақтық инспекцияларды зиянкестерге қарсы сапалы өңдеу құралдарымен қамтамасыз етуді және оны оңтайлы мерзімде жасауды тапсырды.

«Мәселеге өте мұқият әрі жауапкершілікпен қарау қажет. Түркістан облысының тәжірибесіне сүйене отырып, әкімдіктер зиянкестердің таралу аймақтарын тексеру үшін қосымша адам ресурстарын жұмылдырып, өңдеуші мердігерлердің жұмысын бақылауға алуы керек», — деді министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Айдарбек Сапаровауыл шаруашылығы министрлігіАШМнесиелендірушегірткемен күрес
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.