2026 жылғы 18 қыркүйекте Тараз қаласында «Zhas Qorgau – Taraz» жобасы аясында «Бір адам — тұтас команда» тақырыбында тренинг өткізілді.
Іс-шара Жамбыл облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының шағын қаржылық емес гранты шеңберінде, «Jambyl civil hub» жобасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Тренингтің негізгі мақсаты – жастардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын кеңейту, мемлекеттік қызметтер мен онлайн-сервистерді пайдалану, жұмысқа орналасу, өзін-өзі жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және цифрлық сауаттылық бағыттары бойынша құзыреттерін арттыру.
Іс-шараға Тараз қаласының жастары қатысты. Тренинг барысында қатысушылардың жеке мүмкіндіктерін дамытуға, цифрлық дағдыларын жетілдіруге және болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал ететін бағыттар қамтылды.
Іс-шара Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің базасында өтті.
Тренинг нәтижесінде жастардың мемлекеттік қызметтер мен онлайн-сервистерді пайдалану, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру бағыттарындағы білімін арттыруға мүмкіндік жасалды.







