• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Білім саласындағы былықтар: жемқорлықтың ең көп фактісі Жуалыда

Жемқорлық – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Әсіресе білім саласындағы жемқорлық фактілері саланың өңір бойынша даму үдерісіне кері әсерін тигізіп отыр.

turan_admin turan_admin
31.08.2023, 19:10
Облыс жаңалықтары
Білім саласындағы былықтар: жемқорлықтың ең көп фактісі Жуалыда
3.8k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ағымдағы жылдың мамыр – маусым айларында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша Департаменті, Білім басқармасымен бірлесіп еңбекақы төлеу қорына байланысты қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген сыртқы талдау нәтижелері дәлел болып отыр.

         Талдау барысында Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Шу және Т.Рысқұлов аудандары қамтылып, онда 132 бұзушылық анықталды. Талдау аясындағы мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы 207,0 млн. теңгені құраған.

Қазіргі таңда, барлық анықталған фактілерді уәкілетті органмен растау үшін аудиторлық тексеру жүргізілуде, оның қорытындысымен және прокуратура органының келісімінен кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

Қалтаға кеткен заңсыз ақшалар

Заң бұзушылықтардың дені Жуалы ауданына тиісілі. Мәселен, Жуалы ауданындағы білім ұйымдары біліктілікті айқындау комиссия хаттамаларымен 27 қызметкердің жұмыс өтілін дұрыс есептемей, 4,4 млн. теңгеге жалақыны негізсіз төлеген. «А» функционалдық блогы бойынша 6 менеджердің тарифтеу тізімдері заңсыз бекітілген, осылайша аталған қызметкерлерге жалпы сомасы 9,3 млн. теңге негізсіз төлемдер төленді. Заңнамамен көзделмеген 37 штат артық бірлігі бекітіліп, бұл жалпы сомасы 33,0 млн. теңге ақшалай қаражат төлеуге әкелді.

Есепшілердің қитұрқылығы

Одан бөлек, Жуалы ауданының білім бөлімінің 36 есепшісі белгіленген нормадан жоғары жалақыны есептей отырып, өздерінің банктік шоттарына жалпы сомасы 38,0 млн. теңге аударған.

Сол сияқты, Шу ауданының білім бөлімінің есепшілері 12,3 млн. теңге, Байзақ ауданы 11,9 млн. теңге, Жамбыл ауданы 1,4 млн. теңге белгіленген нормадан жоғары жалақы аударған.

Ал, Жуалы ауданының білім бөлімінің 3 есепшісі «5-15А» нысанындағы есептерге басқа 39 мұғалімнің деректерін көрсету арқылы өз банктік шоттарына 4,5 млн. теңге ақша қаражатын заңсыз аударған.

Жуалы ауданының білім бөлімінің 2 есепшісі 5-15а нысанды есеп айырысу-төлем ведомостарындағы есептерді «Қазынашылық-клиент» базасына енгізу кезінде өздерінің счеттарына  7,7 млн. теңге көлемінде ақша қаражатын заңсыз аударған.

Мектептегі «өлі жандар»

«kundelik.kz» ақпараттық жүйеде көрсетілген сабақ кестелеріне сәйкес ол өз сабақтарын мектептерде әкімшілік мемлекеттік қызметші ретіндегі функционалдық міндеттерін жүзеге асырумен бір мезгілде өткізіп келген және де бастапқы жұмыс орнынан бөлек 4 мектептен жеке әрқайсысынан 56 күннен демалысқа (отпуск) шыққан.

Сол сияқты, талдау барысында Байзақ ауданының әдіскерлері қосымша жұмыс бойынша педагогикалық қызметпен айналысып, нақты жұмыс істемеген уақыт үшін әдіскерлерге жалпы сомасы 42,5 млн. теңгеге еңбекақы, демалыс және сауықтыру жәрдемақысы негізсіз төленген.

Балабақшаларда да былық жетеді

Жемқорлық фактілері тек мектеп мұғалімдері арасында ғана емес балабақша қызметкерлерінің арасында да тіркеліп отыр.  Байзақ ауданындағы «Айнұр» балабақшасының басшылығы қызмет көрсету туралы актілерде жалған деректерді көрсету арқылы бюджеттен 19,2 млн. теңге артық қаражат бөлуге жол бергендігі анықталды. Балабақша директоры өзіне, сол жерде жұмыс жасайтын ұлына және келініне қосымша жүктемелер жазып келген. Балабақшаны зерделеу жұмыстары Т.Рысқұлов ауданында да жүргізіліп, 11 жеке балабақшаға 17,6 млн. теңге бюджет қаражатын негізсіз аударғаны белгілі болды.

Талдау барысында бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкер әлі күнге дейін сол лауазымда, яғни Жуалы аудандық білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайында жұмыс істейтіні және «Жасұлан» бөбекжайында бухгалтер (0,5 ставка) қызметін қоса атқарып келгені анықталған.

Атап айтқанда, Жуалы ауданы сотының 25.01.2022 жылғы үкімімен «Балдәурен» бөбекжай бухгалтері А. есімді Азаматша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағының және ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағының бойынша кінәлі деп танылды және де оған өмір бойы мемлекетік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салып, оған 3,4 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Алайда, аталған тұлға бүгінгі күнге дейін сол лауазымда жұмыс істейді.

Мұның барлығы осы салада басқарма мен бөлім басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алып отыр.

Жалпы талдау жұмыстары республика көлемінде іске асырылып, осы тектес бұзушылықтар барлық өңірлерде анықталған болатын. Осыған орай, жол картасы бекітіліп, соның 14 тармағы бойынша орталық орган, жергілікті атақарушы органдармен бірлесіп іске асыру көзделген.

Комиссия отырысында департамент басшылығы құқықбұзушылыққа жол берген сала мамандарының жауапкершілігін қарауды (жұмыстан босатуға дейін) ұсынды. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген фактілерін болдырмау мақсатында аудит қызметін тарта отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін қалған аудандардың білім бөлімдерінде ішкі талдау жүргізуді ұсынды.

Тегтер: антикорБілімдегі былықжемқорлық фактілеріЖУАЛЫ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.