Бүгін Тараз қаласындағы «Шахристан этно — тарихи кешені «Көрме орталығы» ғимаратында дәстүрлі түрде «Тамыз конференциясы» өтті. Конференцияның алғы сөзін Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев cөйледі.
2022-2023 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін 3,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етіледі. Облыста 3 апатты, 6 үш ауысымды, 6 орын тапшылығы бар мектептер бар.
2021 жылы 23 білім нысанының құрылысын жүргізуге 8,9 млрд.теңге қарастырылды, оның 11 білім нысаны пайдалануға берілуі күтілуде, 12-і 2022 жылға өтпелі.2021 жылы 16 білім нысанының (15 мектеп, 1 басқармаға қарасты мекеме) күрделі жөндеу жұмыстарына 3,6 млрд теңге бөлінді.
Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты мәселе. Осы мақсатта облыстағы мектептер мен балабақшаларда 100% бейнебақылау камералары орнатылған. Облыстағы 442 мектептің 47-де турникеттер орнатылған. Тараз қаласындағы 18 мектепте дабыл түймесі орнатылған. 42 мектепке дабыл түймесі ғимараттың кіреберісіне жаңадан орнатылады, оған 10 млн. 462 мың теңге қаралған.
2021 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері Тараз қаласындағы №8 гимназиясына 34 млн. теңгенің сертификаты тапсырылады.
1 000 000 теңгенің сертификаттары «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған келесі мектеп ұжымдарына тапсырылады.