• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев Жамбылдықтардың дәрігерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шағымдары бойынша кеңес өткізді

turan_admin turan_admin
03.07.2020, 11:25
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев Жамбылдықтардың дәрігерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шағымдары бойынша кеңес өткізді
513
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбылдықтар жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысының нашарлығына, ауруханалардағы төсек-орындары мен дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне қатысты жиі шағымдануда. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бас дәрігерлермен, дәріхана желілерінің өкілдерімен және дистрибьюторлармен кездесу өткізді. Онда қалыптасып отырған жағдайдың себебі мен қордаланған мәселелердің шешу жолдары сараланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, провизорлық стационарлардағы төсек қорының толтырылуы шамамен 50 пайызды құрайды. «Дәрігерлер аз болғандықтан, науқастарды қабылдауға уақыттары жетпеуде», — дейді М.Жұманқұлов. Бердібек Сапарбаев қабылдау бөліміндегі дәрігерлер санын көбейтуді тапсырды. — Адамдар ауруханаға келіп, қабылдау бөлімінде бірнеше сағат кезек күтіп отырады. Науқастарға барлық қолайлы жағдай жасаудың орнына ауруханалар одан әрі нашарлатады. Жағдайды тез арада түзету қажет, — деді Бердібек Сапарбаев. Тұрғындар ауруханаға жатқызылғаннан кейін де қажетінше емдеу шараларын ала алмайтындықтарына, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне шағымдануда. «СК-Фармация» ЖШС өкілдігінің басшысы Айжан Тортаеваның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты жуырда 25,3 миллион теңгеге шұғыл дәрі-дәрмектер жеткізілді.

Ол медициналық ұйымдардың өтініші бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізуді жалғастыра беретінін айтты. Бұл мәселені бақылауда ұстау Марат Жұманқұловқа тапсырылды. Дәрігерлер науқастармен ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарымен де байланыс орната алмайды. Туыстары дәрігерлерден науқастардың жағдайы туралы ақпарат алмайтынын айтады. Бұл тұрғыдағы шағым уақытша провизорлық стационар болып жабдықталған облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлеріне үстінен түскен. Аурухананың бас дәрігері Азат Сәтжанов кемшіліктер бойынша жұмыстар атқарылғанын, дәрігерлермен түсіндірулер жүргізілгенін жеткізді. Қазіргі уақытта ауруханада операциялық орталық бар. Қазіргі уақытта ауруханада жедел орталық жұмыс істейді. — Бас дәрігерлер кабинетте тығылып отырмай, шығып, адамдарға қазіргі жағдайды түсіндіруі керек. Сонымен қатар, қиын жағдайлардағы азаматтардың денсаулығын сақтау үшін шұғыл нақты шаралар қабылдауы тиіс, — деді аймақ басшысы. Тағы бір өзекті мәселе ретінде жедел жәрдемді күту уақытының бірнеше сағатқа созылатындығы айтылды. Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің м.а. Ұлпан Пыхыбаеваның айтуынша, диспетчерлік қызметтің жүктемесі екі есеге артқан. -Науқас жедел жәрдем қызметін бірнеше сағат күтетін болса, онда кедергісіз медициналық көмек туралы сөз айтудың өзі артық шығар. Жедел жәрдем бригадаларының санын көбейту және олардың жұмысын жүйелеу қажет, — деп тапсырма берді Бердібек Сапарбаев. Жедел жәрдем станциясында 43-76-78 нөмірі бойынша call-орталық және 34-84-36 кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Дәрігерлерді күтпестен, тұрғындар тіпті өз бетімен емделе алмайды. Дәріханаларда вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрілердің жетіспеушілігі байқалады. Дәріханалар желісінің өкілдері тұрғындардың өздері мұндай ахуалды қолдан жасап отырғандығын тілге тиек етті. Дәрі-дәрмекті негізінен сау адамдар сатып алуда. Қазір олар дистрибьюторлармен жеткізудің жаңа мәселелерін талқылап жатқандықтарын айтады. Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегей отырғандығын ескертті. Аймақ басшысы сондай-ақ дәріхана желілерінің өкілдеріне бағаны шекті бағадан жоғары көтеруге болмайтынын баса айтты. Отырысты қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев коронавирус пандемиясымен күрес жүріп жатқан қазіргідей қиын уақытта мұндай олқылықтарға жол беруге болмайтындығын атап өтті. — Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы – бәрінен бағалы. Біз оларды қорғау үшін бар күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді бағыттауымыз керек, — деп түйіндеді аймақ басшысы.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.