• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев тараздық 13 жастағы жетім баланы қамқорлығына алды

turan_admin turan_admin
03.10.2020, 19:20
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев тараздық 13 жастағы жетім баланы қамқорлығына алды
146
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Жұма күні Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті.
Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.
Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен  Жастар сарайының фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты.
— Бізде барлығы  70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда, — дейді өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Айжан Мейірханова.
«Мейірім» жобасының тұжырымдамасына сәйкес 134 жетім бала облыстың 87 мемлекеттік мекемесі мен ірі кәсіпорындарының басшыларына бекітілген. Мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың басшылары бұл балаларды одан әрі әлеуметтік қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасайтын болады. Атап айтқанда, олар балалардың тұрғын үй жинақ шоттарын кезең-кезеңімен толықтыруды ұйымдастырады және жан-жақты қолдау көрсетеді. Демеушілер балаларды тұрақты жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
«Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту, отбасын құру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнайы мекемелердің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары өзекті болып қалып отыр», — деді таныстырылым барысында өңірлік жоба бастамашысы Бердібек Сапарбаев. Бұл ауқымды жобаның  мақсаты – әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту. Тарихқа зер салсақ, Ұлы Далада ешқашан жетімдер болған емес, алайда, ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін және халықтардың Қазақстанға жер аударылу, соғыс кезеңіндегі қиындықтар жетімдік жағдайларын тудырды. Ал бүгінгідей тыныш әрі бейбіт, тоқшылық кезде біз балаларымыздың ешқайсысына жетімдік тауқыметін тартқызбауға тисіпіз, баршамыз бірге оларға қамқорлық тантуымыз керек.
Жобаның бастамашысы ретінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі, 6-сынып оқушысы Альбина Қадыроваға өмірлік қолдау жөніндегі әлеуметтік келісімшартқа бірінші болып қол қойды. Басқа балалар бойынша осындай келісімдерге ірі кәсіпорындардың басшылары мен аймақтағы беделді тұлғалар да қол қойды. Олардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров, «Алтайс Групп» ЖШС директоры Әлімбек Жұмабаев, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС директоры Арман Еділбаев, «Гаугартас» мейрамханасының директоры Меруерт Лештаева және тағы басқалары бар.
Осы келісімдер аясында бес балаға миллион теңгелік сертификаттар табысталды. Бұл ақша олардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ындағы тұрғын үй және жинақ шоттарына түседі. 18 жасқа толғаннан кейін орталық тәрбиеленушілері оларды жеке тұрғын үй сатып алу үшін пайдалана алады. Оған дейін олардың қамқоршылары мүмкіндігінше осы шотты толтырып отырады.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.