• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.09.2026, 13:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді

turan_admin turan_admin
18.01.2021, 18:21
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев Тараздағы мектеп құрылыстарының барысын тексерді
237
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

16 қаңтар, сенбі күні облыс әкімі Тараз қаласындағы бірқатар мектептердің құрылыс барысын тексерді.

100 жылдық тарихы бар №4 мектеп қазір 180 орынға есептелген жаңа ғимаратта орналасуда. Жоба құны 693 миллион теңгені құрайды. Бүгінде барлық оқушылар дәстүрлі форматта білім алуда. Мектеп құрылысы сапалы жүргізіле отырып, небары жеті айда салынған. Аймақ басшысы жұмыстың сапалылығын өзі арнайы барлады. Ол білім беру мекемесінің директоры Сейтхан Тотаевпен бірге мектептегі 16 кабинетті, спорт зал және асхананы аралап, танысты. Шағын үш қабатты ғимарат ашық түстермен, ішкі жайлылықпен және барлық қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді. Нысан жеделсатымен қамтылған. Бөлек шағын ғимаратта ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар орналасқан.

Бердібек Сапарбаев аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға, спорт алаңшасын салуға назар аударуды тапсырды.

№2 орта мектептің 1910 жылы салынған ескі ғимараты бұзылып, оның орнына жаңа нысан салынуда. Оқу орнының директоры Светлана Гурскаяның айтуынша, балалар №9 орта мектепте уақытша оқуда, онда оларға 14 кабинет қарастырылған. 28 оқу кабинеті бар негізгі ғимарат үш қабатты және спорт залы, асхана мен кітапхана орналасатын екі қабатты қосымша ғимараттан тұрады. Шатырды жабуға черепица материалы қолданылуда.

— Егер үлгерсеңіздер, төртінші тоқсанының басына дейін жұмысты аяқтаңыздар. Ең бастысы – жұмыс сапалы жүргізілуі, — деді өңір басшысы.

№16 орта мектеп жаңа оқу жылына қарай 348 орынды қосымша ғимаратпен қамтылмақ. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда екі ауысымда 1,5 мыңнан астам бала оқиды, олардың бір бөлігі қосымша құрылыс аяқталғанға дейін әзірге көрші №28 мектепте білім алуда.

— Құмшағал және Шөлдала алқаптарында тұратын көптеген ата-аналар балаларын жақын маңдағы мектепке емес, біздің мектепке оқытуға тырысады. Мәселе осыдан туындай, — дейді Ж.Оңғарбаева.

Облыс әкімі мердігерге жұмысты толығымен орындауды, ішкі жылы санитарлық тораппен қамтуды, спорт алаңшасын салуды және аумақты абаттандыруды тапсырды. Мүмкіндігінше нысанды Наурыз мейрамы қарсаңында пайдалануға беруге күш салуды баса айтты.

— Сатып алынатын парта, тақта, басқа да жабдықтардың сапасына ерекше назар аудару керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенованың айтуынша, өткен жылы алты жаңа мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл сегіз мектептің құрылысы аяқталмақ.

Сондай-ақ, аймақ басшысы орталық стадион жанындағы скверге арнайы ат басын бұрды. Мұндағы Абай мен Сүлейменов көшелерінің қиылысынан орталық стадионға дейін апаратын жаяу жүргіншілер аллеясын кеңейту қажеттігіне назар аударылды. Істеусіз тұрған субұрқақтарға қатысты ұсыныстар қаралмақ. Тараз жұртшылығынан орталық стадионға аты аңызға айналған балуан, халық ақыны және композитор Балуан Шолақтың есімін беру және тарихи тұлға ескерткішін «Тараз-Арена» спорт сарайының алдынан облыстың бас стадионына көшіру туралы ұсыныстар түскен. Қазіргі таңда осы ұсыныстарға бойын зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде жамбылдықтардың 32 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады десек, ағымдағы жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

— Біз атқарушы органдар жұмысының тиімділігін бағалаудың қосымша индикаторын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл спорттық нысандардың, оның ішінде мектеп спорт залдарының жүктелу деңгейіне қатысты, — деді Бердібек Сапарбаев

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.