• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев қор басшыларымен қайырымдылық шараларын дамыту мәселелерін талқылады

turan_admin turan_admin
27.09.2020, 13:11
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев қор басшыларымен қайырымдылық шараларын дамыту мәселелерін талқылады
217
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық қайырымдылық қоғамдық бірлестіктерінің басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, оларды  әлеуметтік маңызды мәселелерді тиімді шешу үшін тығыз және нәтижелі ынтымақтастықта әрекет етуге шақырды.

Бердібек Сапарбаев Тәуелсіздік жылдары ҮЕҰ жергілікті атқарушы органдармен сындарлы диалог тәжірибесін жинақтап, қиындықтарды бірге еңсеріп келе жатқанын атап өтті. Бұл жолда күш-жігері пен уақыттарын сарп етіп, аянбай  тер төгіп жүрген оларға алғысын білдірді.

— Үкіметтік емес ұйымдар – халық пен мемлекет арасындағы берік біріктіруші буын болып табылады. Қоғам белсенділер бізге кездесетін кедергілерді анықтауға, қателіктерді жоюға көмектесуде. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар табысты іске асырылуда, әлеуметтік міндеттер шешілуде. Азаматтық сектормен өзара іс — қимылды одан әрі дамыту қажет, — деді облыс әкімі.

Кездесуге қатысушылар азаматтық бастамалар мемлекет тарапынан қолдау тауып отырғандығын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының бастамасымен іске асырылған «Қамқорлық» ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету жобасына сәйкес Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен №9 және №35 орта мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері салынуда.

 «Қасиетті жол» қорының тең құрылтайшысы Динара Закиева жобаның екінші кезеңіне дайындық барысы туралы баяндады, оның аясында ауылдарда оңалту орталықтары салынбақ. Аймақ басшысы игі істен Жамбыл облысы да шет қалмайтындығына сендірді.

«DARA» қайырымдылық қорының жоба жетекшісі Марал Шешембекованың айтуынша, қор мен облыстық білім басқармасы арасында жүйелі жұмыс жолға қойылған.

— Қордың негізгі қызметі жетім балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған,-дейді Марал Шешембекова.

«DARA» қайырымдылық қоры мен «Samruk—Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен №20 орта мектебдегі психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. Орталықта бірқатар мамандармен, атап айтсақ тифлопедагог, логопед, дефектолог, психолог, хореограф, емдік дене шынықтыру маманы, сурдопедагог, әлеуметтік педагогтармен кешенді көмек көрсетіледі.

Ағымдағы жылы Таразда «DARA» қорының көмегімен ашық ауада инклюзивті балалар ойын алаңы орнатылды. Қордай ауданында жұмыс істеп тұрған психологиялық-педагогикалық түзету орталығын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру жоспарлануда. Оның филиалдары Масаншы және Сортөбе ауылдарындағы орта мектептер базасында ашылады, сондай-ақ Қордай ауылында инклюзивті білім беру ресурстық орталығы іске қосылады. Қор кабинеттерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, оқу материалдарын сатып алуға және мамандар даярлауға қол ұшын созбақ.

«Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова біздің облыста ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық ойын алаңын салуға ниетті екендігін жеткізді.

Айта кету керек, Болат Өтемұратов Қорының арқасында жақын арада Таразда аутизммен ауыратын балаларға арналған «Асыл Мирас» психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылады деп күтілуде.

Ал, «ASYL ADAM» қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері көп балалы, аз қамтылған және жас отбасыларды тұрақты тұрғын үймен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасыларға жеке бизнесін бастауға және дамытуға көмектесу, жұмыс орындарын құру болып табылады.

Қор президенті Көңілбай Шүкенов жергілікті атқарушы органдарға өңірдегі тұрғын үй мәселесін бірлесіп шешуді ұсынды.

— Бұл жоба сөзсіз қолдау табады. Жаңа үйлердің кілттерін көмекке шынайы мұқтаж адамдардың алуы аса маңызды. Қажеттілік пен масылдықты шатастырмаңыздар, — деді облыс әкімі.

«Бауыржан», «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорларының өкілдері де өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Облыс әкімі жиынға қатысқан облыс әкімдігі басқармаларының басшыларына қорлармен тығыз жұмыс істеуді, жобаларды әзірлеумен айналысуды тапсырды.

— Біздің бүгінгі кездесуіміз үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты дамытудың маңызды қадамы болуы тиіс. Жоғарыда айтылған барлық ұсыныстар бос сөз болып қалмай, жақын арада жүзеге асырылуы қажет, — деді облыс әкімі.

Кездесу соңында қоғам белсенділері бірлескен күш-жігердің арқасында ғана азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасап, оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығына сенім білдірді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.