• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданында із-түзсіз жоғалған баланы тапқан азаматты марапаттады

turan_admin turan_admin
18.09.2020, 11:26
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданында із-түзсіз жоғалған баланы тапқан азаматты марапаттады
1.5k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бейсенбі, 17 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу мен Меркі аудандары аумағында жүріп жатқан «Қарасора — 2020» жедел алдын алу шарасының барысымен танысты. Қос ауданда каннабиоидті есірткі заттарының көзі – жабайы қарасораның кең алқабы орын тепкен.

Шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД басшысы Марат Ирменов, Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қатысты.

Кеңес заманына бері жаман атпен танылған Шу алқабынан пайда таппақ болғандар еліміздің әр түкпірінен ағылатын. Бірақ біреу білер, біреу білмес, Шуға қарағанда Меркі ауданында қарасора алқабының аумағы анағұрлым үлкен болып келеді. Дәлірек айтқанда, Шу ауданында – 24,4 мың гектар, Меркіде – 85,7 мың гектар. Сондықтан дәл осы екі ауданның облыс әкімі мен құқық қорғау органдары басшыларының назарын аудартқаны тегін емес. Тікұшақ алдымен «Тасөткел» учаскесіне аялдады. Мұнда ішкі істер органдарының ардагері Шопырхан Жапабаев аумақтағы қарасора алқабына қатысты жағдайды баяндап берді.Кейін есірткімен күрес жөніндегі ауданаралық «Делта Долина» бөлімінің алдында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сөз алды.

— Мемлекеттің басты міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұл бағытқа ерекше назар аударған еді. Президент қызмет бабында азаматтармен тікелей жұмыс істейтін учаскелік инспекторлардың рөлін ерекше атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасы бар, біз оны орындайтын боламыз. Қазіргі кезде барлық учаскелік инспекторлар көлікпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін 21 полиция қызметкерінің тұрғын үй мәселесін шешеміз. Тірек пункттерінің штаттық санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Сіздерге қоғам игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді, — деп атап өтті Бердібек Машбекұлы.

Бұдан соң облыс әкімі «Үздік учаскелік полиция инспекторы» және «Үздік учаскелік полиция бекеті» облыстық конкурстарының жеңімпаздарын марапаттап, Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Руслан Мұсаевқа және Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Саят Сүлейменге «Нива» жаңа қызметтік автокөліктерін табыстады. Дегенмен, әр аудан мен облыс орталығының үздік учаскелік инспекторлары да жаңа көліксіз қалған жоқ. Өңір басшысы барлығы 12 автокөліктің кілтің тапсырды десек, оған ие болғандардың қатарында «Дельта Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің ұжымы да бар. Ағымдағы жылы полиция автопаркі 100 жаңа автокөлікпен толықты.

Соңғы екі күнде облыс тұрғындары ғана емес, бүкіл Қазақстан болып Мойынқұм ауданында жоғалған жеті жасар баланы іздестіру шараларына барынша алаңдаушылық танытқаны белгілі. Жоғалған бала Мойынқұм ауылының тұрғыны, ішкі істер органдарының ардагері Ермұрат Спановтың көмегімен табылды.

— Полиция департаменті іздестіру шараларын ауқымды түрде ұйымдастыра білді. Барша Қазақстан болып жоғалған баланы тағдырына алаңдаған еді. Сізге үлкен рахмет, — деп облыс әкімі алғыс білдіріп, қол сағат сыйлады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.