• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды

turan_admin turan_admin
24.09.2021, 10:16
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды
142
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестерін құру туралы мәселе қаралды.

— Бүгінде облысымызда 1800 ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың барлығында мүлік иелері бірлестіктері мен жай серіктестіктер құру керек. Байқап отырсақ, ол үйлерге жауап беретін, тәртібі мен тазалығына қарайтын жауапты мекеме құрылмаған,- деді аймақ башысы өз сөзінде.

Кеңесте облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру» туралы баяндама жасады. Оның айтуынша,  Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-ші қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 143-тармағын орындау мақсатында, мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) институтын енгізу бойынша реформа іске асырылуда.

2019 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Аталған Заң 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енді. Заңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Ең басты қағида: бір үй – бір бірлестік – бір есепшот. Әрбір көппәтерлі үйдің тұрғындары арнайы жиналыста мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) құру туралы шешім қабылдайды.

— МИБ – заңды тұлға ретінде коммерциялық емес болып табылатын ұйым. Ол тұрғындардың өз ішінен құрылады. Тұрғындар жиналысында үш жыл мерзімге көппәтерлі тұрғын үй кеңесі және ревизиялық комиссия сайланады. Сондай-ақ бір жыл мерзімге бірлестік төрағасы белгіленеді.  ЖС — заңды тұлға құрмай, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерін тікелей бірлесіп басқару, — деді басқарма басшысы.

Жалпы реформа аясында өңірлер арасында Жамбыл облысы МИБ құру бойынша 3 орында.

Ағымдағы жылдың жоспары бойынша, облыста жалпы 1814 басқару органдарын құру қажет болса, бүгінгі күнге құрылғаны 809, оның ішінде 104-әі МИБ, 705-і ЖС.

Дегенмен реформа аясында төмен көрсеткіштер Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласында орын алған.

Құрылуы тиіс жаңа нысандардың шамамен 70 пайызы Тараз қаласында екендігі ескеріліп, қала әкімдігіне мәселеге тиісті деңгейде назар аударып, жұмысты ары қарай жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Айта кету керек, министрлікпен ақпарат алмасуды цифрландыру үшін енгізілген «Easy project» жүйесі республикада алғашқы болып Жамбыл облысында енгізіліп, қазір сәтті жұмыс атқаруда. Нақты құрылған 809 нысан болса, ол аталған жүйеге толық енгізілген. Реформа аясында жергілікті атқарушы органдар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет, оның ішінде қасбеттерді, шатырларды күрделі жөндеу және коммуналдық қызмет көрсету ережелері тек қана Жуалы ауданында әлі күнге бекітілмей отыр. Сонымен қатар, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған шығыстардың белгіленген ең төмен мөлшерін ешбір аудан, қала бекітпеген.

Бердібек Сапарбаев басқару органдарын құру жоспары 45-ақ пайызға орындалғанына назар аударды.

— Әр үйдің бастамашы тобы болуы керек. Халық арасында кері байланыстың болмағанынан осындай жағдай орын алуда. Халық оның мәнісін әлі жете түсінбеуде,- деді Қ. Қорғанбаев.

Облыс әкімі басқару орталықтарын қазан айына дейін рәсімдеп, жыл соңына дейін құруды тапсырды. Сондай-ақ бірқатар аудандар мен Тараз қаласының әкімдері мен орынбасарларының жауаптарын тыңдап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.