• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 02:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев: Еңбек қатынастары заңмен реттелуі керек

turan_admin turan_admin
09.12.2021, 12:35
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев: Еңбек қатынастары заңмен реттелуі керек
315
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Аймақ басшысы жұмыскерлердің жалақыларын уақтылы алуы, құқықтарының қорғалуы қашан да маңызды екенін баса айтты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ернар Есіркепов аймақта ағымдағы және мерзімі өткен ресми жалақы қарыздары жоқ екендігін тілге тиек етті.

— Бұл бағытта прокуратура және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп атқарған шаралардың нәтижесінде жыл басынан 266,3 миллион теңгенің жалақы қарыздары анықталып, бүгінгі таңда олар толығымен жойылды. Нәтижесінде 1533 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, -деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ баяндамашы әлеуметтік әріптестермен бірлесе атқарған шаралардың нәтижесінде ұжымдық шарттар қабылдау жұмыстарының көрсеткіші 99,6 пайызға жеткізілгенін, бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бағытында да  нәтиже бар екенін хабарлады. Мәселен, 208 тойхананың, 74 кафе-мейрамхананың, 126 дүкеннің және 64 шаруа қожалықтың жұмыскерлерімен еңбек шарттары жасалған.

Жиында Бердібек Сапарбаев мұғалімдер жалақысының кешіктіріліп төленуіне байланысты облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзовты сынға алды.

«Білім басқармасы әрбір мектептегі ахуалды бақылауда ұстап отыруы керек. Жалақыға қатысты мәселе туындағанда алдын ала дабыл қағу керек еді»,- деді  облыс әкімі.

Комиссия отырысында облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Сәдубаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев, облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Умаров сөз сөйлеп, тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісті. Бейнебайланыс арқылы Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің жергілікті жердегі ахуалға қатысты есебі тыңдалды.

Аймақ басшысы еңбек қатынастарын заңды түрде жүргізу, жалақыларды уақтылы төлеу әрі оның мөлшерін кезең-кезеңімен көтеру, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46
Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.