• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев базарларды ретке келтіруді тапсырды

turan_admin turan_admin
06.10.2020, 12:35
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев базарларды ретке келтіруді тапсырды
99
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Бірде-бір базар белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейді. Қабылданған шаралар сатып алушылардың да, саудагерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз». Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базар иелерінің қатысуымен өткен жиында осылай деді.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыс бойынша 41 базар тіркелген, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

— Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр. Мәселен, азық-түлік тауарлары көлемінің 64 пайызы, азық-түлік емес тауарлар көлемінің 73 пайызы, техникаға қажетті бөлшектердің 81 пайызы және құрылыс материалдарының 85 пайызы базарлардан сатып алынады, — деп атап өтті А.Сейсебаев.

Тұтынушылардың көптігін ескерсек, базарлардағы қызмет көрсетудің заманауи талаптарға сай болуы аса маңызды. Өкінішке орай, әзірге олар талапқа сай деп айта алмаймыз.

— Барлық базарлар өртке қарсы, сәулеттік, санитарлық, экологиялық және басқа да талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ бірде-бір базар иесі бұған нақты жауап бере алмайды. Сауда ашық жерде жүргізілуде, өрт гидранттары көрінбейді, өрт сөндіру машиналары еркін өте алмайды. Базар иелері сатып алушылар мен саудагерлерге де жайлы және қауіпсіз жағдай жасауды ойға да алмайды. Ал, мемлекеттік органдар ешқандай мәселе жоқ секілді бейқам, тіпті, бұл жағдайдағы тәртіпті реттеуге тырыспайды, — деп ашуланды Бердібек Сапарбаев.

А.Сейсебаев атап өткендей, соңғы екі жылда жеті базар («Нұрлы», «Ысты», «Салтанат», «Қайқармет», «Арзан», «Ауыл Береке», «Жібек Жолы») жаңғыртылып, жабық павильондар орнатылып, қақпалар қойылған.

Аймақ басшысы бұл шаралармен тоқтап қалуға болмайтындығын айтып, жаңғыртуды соңына дейін жеткізуді тапсырды. Осындай жұмыстар басқа да базарларда жүргізілуде, денгенмен иелері уақытты созып, әлі күнге жаңа сауда қатарларының эскиздерін ұсынбауда. Көптеген кәсіпкерлер қаражаттың жоқтығына шағымданып, модернизациялау жұмыстары екі-үш жылда аяқталатындығын тілге тиек етті.

— Ешқандай сылтау қабылданбайды. Барлық базарлар тезірек ретке келтірілуі керек. Барлық базарлар үшін бірыңғай өлшемдер бекітілген. Олар: нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына, қаланың архитектуралық келбетіне сәйкестіктері, елдің салық заңнамасын сақтау және POS-терминалдары мен кассалық аппараттарының болуы, — деп талап етті облыс әкімі.

Ол төтенше жағдайлар және мемлекеттік кірістер департаменттері бұл жағдайларға бас ауыртпайтынын баса айтты. Облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын арнайы мобильді топ қадағалап отыруы тиіс. Топ құрамына жоғарыда аталған департаменттер мен салалық басқарма өкілдерінен бөлек, полиция қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, сәулетшілер енеді. Жиынға бейне-байланыс режимінде қатысқан аудандар мен облыс орталығының әкімдеріне де осы мәселелерді шешу  бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Басқосуда аймақ басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне айрықша көңіл бөлді.

— Тұрақтандыру қорының қоймаларында өнімді сақтауға қатысты барлық мәселелерді көктемде шешу қажет еді. Сонда тиісті ведомство бүгінгі бағалардың өсуін болдырмау үшін бірнеше мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін сатып алар еді. Диқандар мол өнім жинады. Бірақ оларды сақтайтын  орын жоқ. Сондықтан өнімдер қазір басқа аймақтарға арзан бағада сатылуда. Ал ішкі нарық толығымен қамтылды деп айта алмаймыз. Ауыл шаруашылығы басқармасы жағдайды бақылай алмай отыр , — деп облыс әкімі басқарма жұмысын сынға алды.

Сонымен қатар ол делдалдарға қатысты мәселені де шешуді талап етті.

— Шаруалар соманың жартысын ортадағы делдалдарға беруге мәжбүр. Өйткені өздерінің тікелей сатуға мүмкіндігі жоқ. Осылайша ортадағылар оңай ақша табуда, олар салық төлемейді, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы азық-түлік тапшылығы мен бағаның өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.