«Белсенді қауым – берекелі ауыл» жобасы қорытындыланды
Жамбыл облысының Байзақ ауданында ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыруға, азаматтық бастамаларды қолдауға және жергілікті қауымдастықтың ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған «Белсенді қауым – берекелі ауыл» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба «НҰРБАТА-АРДАГЕР» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «JAMBYL CIVIL HUB» шағын гранттар конкурсы аясында іске асырылды.
Жоба аясында тұрғындардың қоғамдық өмірге араласуын арттыру, жастар мен еріктілердің бастамаларын қолдау, ауылдың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылау және оларды шешуге бағытталған азаматтық белсенділікті дамыту жұмыстары жүргізілді.
Бағдарлама аясында «Белсенді азамат» тақырыбындағы семинар-тренингтер, тұрғындармен қоғамдық кездесулер мен ашық диалог алаңдары, «Таза ауыл» экологиялық акциясы және «Отбасылық құндылықтар – қоғам тірегі» атты форум ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында азаматтық жауапкершілік, қоршаған ортаны қорғау, отбасы құндылықтары және қоғамдық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, жобаны ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланды. Жоба аясында сатып алынған материалдық-техникалық құралдар ұйымның алдағы қоғамдық іс-шараларын ұйымдастыруда пайдалануға бағытталды.
«Белсенді қауым – берекелі ауыл» жобасы ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдауға, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға және жергілікті қауымдастықтың дамуына үлес қосуға бағытталды.
Жоба нәтижесінде қоғамдық белсенділікті дамытуға және ауыл өміріне тұрғындардың қатысуын кеңейтуге негіз болатын бастамалар жүзеге асырылды.







