• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
24.05.2024, 22:17
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
61
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ашхабадта Олжас Бектеновті Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады. ҚР Үкіметінің басшысы Түрікменстан Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді.

Әңгімелесу барысында өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі атап өтілді. Екі ел арасындағы тауар айналымы бір жылда 28%-ға артып, $563 млн-ды құраған. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы $105 млн-ға жетті. Газ саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен қазақ-түрікмен жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

ТМД ҮБК отырысында Достастықтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Кездесу нәтижесінде түрлі салалардағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған құжаттар топтамасы қабылданды.

Үкіметтер басшылары экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады. Көлік, энергетика, химия өнеркәсібі, экология және қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу, денсаулық сақтау, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар мәселе қаралды.

Премьер-Министр Олжас Бектенов тауар номенклатурасы мен логистиканың тиімділігін кеңейту арқылы сауда байланыстарын нығайту қажеттігін атап өтті. Бірегей тетіктердің, атап айтқанда, еркін сауда аймағының жұмыс істеуі Достастықтың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Үкіметінің басшысы ТМД-ның инвестициялық экожүйесін жақсарту мәселесіне жеке тоқталды.

ТМД-дағы көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстанға әкелінген инвестицияның жалпы құны $35 млрд-тан астам болатын транзиттік трансконтиненталдық маршруттар желісі қалыптасты, бұл Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық тасымалдардың 80%-нан астамын ел аумағы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олжас Бектенов тиімді логистикалық тізбекті құру үшін тарифтік саясатты үйлестіру және кедендік рәсімдерді цифрландыру бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласында және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жеделдету шаралары қаралды.

«Біз экономикалық тұрғыда өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуге, елдің берік «өнеркәсіптік негізін» құруға, маңызды инфрақұрылымды жаңартуға, агроөнеркәсіп кешенін қайта жүктеуге және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделіміз. Аталған мақсаттарды толыққанды іске асыру үшін біз негізгі серіктестерімізбен ынтымақтастығымызды нығайту маңызды екеніне сенімдіміз», — деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Кеңес қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін 11 құжатқа қол қойылды. ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 7-8 қарашада Ресейдің Сочи қаласында өтеді.

Отырыс аясында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров екіжақты кездесуі өткізді. Күн тәртібінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Үкіметтер басшылары екі елдің мемлекет басшылары қойған тауар айналымы көлемін $3 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі жаңа міндетті орындау жөніндегі жұмысты тездетуді құптады.

Үкіметтің баспасөз қызметі
Тегтер: Ашхабадкеңес отырысыҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновТМД
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.