19 қазан — Қазақстан Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Еркінұлы Жазылбек облысымыздың, аудан орталықтарының құтқарушыларына облыстық бюджет есебінен сатып алынған он жаңа Нива автокөлігі мен АЦ -5-40 автоцистернасының кілтін табыс етті.
Біздің облыстың құтқарушылары кез-келген уақытта көмекке келуге дайын – өз кезекте біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және бүгін азаматтық қорғау органдарының 25-жылдығын мерекелеу күнінде, баршаңызға мықты денсаулық, амандық, қайсарлық, сарқылмас қуат және Қазақстанның гүлденуі мен халқының игілігі үшін Сіздердің қиын қызметіңізде жаңа табыстар тілейміз!
Бізде су айдыны үлкен, адамдардың қауіпсіздігін және материалдық ресурстардың, соның ішінде мемлекеттік ресурстардың барынша сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Біз үшін тұрғындардың қауіпсіздігі өте маңызды, сондықтан облысымыздың азаматтық қорғау қызметіне барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, барлығын жасауды жалғастыруда, — деді Ұлан Еркінұлы техниканы тапсыру рәсімінде.

ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері, өз кезегінде, жаңа техника мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтерінің мұқтаждықтарына назар аударғаны үшін өңір басшылығына алғыстарын білдірді.
Жаңа автокөліктер ТЖД қызметі және төтенше жағдайларға әрекет ету саласындағы көптеген міндеттерді шешуге уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының әкімдігі облыстың ТЖ департаментінің қызметін әрқашан белсенді түрде қолдайды. 2017-2019 жылдар аралығында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 557 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл ақшаға автокөлік құралдары және қажетті жабдықтар мен техника, Қазавиақұтқару АҚ тікұшағының көлік қызметтеріне ақы төлеу жоспарланды, командалық-штабтық машинаны жаңғырту жүргізілді, түрлі қызметтерге қаражат бөлінді.
Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің мұқтаждықтары үшін 2020 жылға облыстық бюджеттен жалпы сомасы 433 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Бұдан басқа, 2021-23 жылдарға арналған облыстық ТЖД материалдық- техникалық жабдықтау жөніндегі жол картасы бойынша облыстық бюджеттен 1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Салтанатты іс-шарада жамбылдық құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге қызмет өткеруге байланысты сіңірген еңбегі үшін ведомстволық наградалар, сондай-ақ облыс және қала әкімінің грамоталары табыс етілді.
25-жылдық мерейтой аясында азаматтық қорғау органдарының ардагерлері волейболдан жарысқа қатысып, тең күресте үшінші жүлделі орынға ие болды.
Ардагерлер кеңесі АҚО ардагерлеріне мерекелік дастархан мен конверттер дайындап, таратып, міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Ержан Еркінұлы Ахметовтың отбасына барып, құттықтады.
Қызметтің имиджін көтеру мақсатында облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ облыс орталығының орталық көшелерінде азаматтық қорғау қызметін құрудың алдағы атаулы күні сипатталған баннерлер орналастырылды.
Бұл күні белсенді волонтерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін марапаттау өткізілді, олар өз қазыналарын халықты төтенше жағдайлардан қорғау және алдын алу ісіне енгізеді.
Құтқарушы-қызмет атқаруға ерекше көзқарасты талап ететін игілікті мамандық. Өз кезегінде Жамбыл облысының құтқарушылары мен өрт сөндірушілері облыс тұрғындарының сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Жамбыл облысы ТЖД ӨҚБ Бас маманы
Алмас Жұматаев Тел. 8 (7-262) 56-90-28






